Вакцина — аса қауіпті инфекциямен ауырған адам немесе жануарлар
қанынан алынған препарат
Зооноздык — жануарлардың инфекциялық ауруларын (бруцеллез, сібір жарасы т.б.) тудырушы микроорганизм
Дауыл — жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел
Дезактивация — зақымданған заттың бетінен улы затты кетіру немесе залалсыздандыру
Дезинфекция — жұқпалы аурудың көзі болып табылатын заттарды жою.
Дератизация — түрлі аурулардың қоздырғыштары болып табылатын кеміргіштерді кұрту
Дезинсекция — инфекциялық ауруларды тасымалдаушы бунақ денелерді жою
Дозиметр— радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерді зерттейтін құрал
Естен тану — орталық жүйке - жүйесінің қызметінің күрт нашарлауы нөтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай
Жарақаттану — адам терісінің, кейбір мүшесінің немесе бүкіл денесінің күшпен бүлінуі
Жаракат алу – адамның жұмсақ етінің жаралануы, сүйектің сынуы, миының қозғалуы, денесінің күюі
Жер сілкінісі — жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы
Жерсіну — адам ағзасының жаңа климаттық - географиялық жағдайларға бейімделуі
Инсульт — миды қоректендіретін қан тамырларының ұйыған канмен бітелуіне байланысты мидағы қан айналысының қатты бұзылуы
Иммунитет — антигендік қасиеттері бар организмге бөтен агенттерді, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдерді қабылдамау немесе ол коздырғыштардан ауру жұқпауы
Карантин — эпидемиялық аурулардың таралуын алдын алу мақсатында жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған медициналық бақылау және шектеулі жүйесі
Күю — жоғары температурадан, химиялык заттардан, электр тоғы мен сәуле әсеріне дененің жұмсақ ұлпаларының закымдануы
Күйдіргі қою — аяқ - қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша токтатудың негізгі әдісі
Концентрация — ауа көлемінің бірлігінде жинақталған ӘКУЗ қатты әсері.
Кіндік орталық — бұл орталық нүктенін, тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте
Қар көшкіні — бұл тік тау жартастарында пайда болатын қар массасының төмен қарай лықсуы
Қауіпсіздік — іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай
Қорқыныш — өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез - келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы
Магнитуда — бұл топырақтын, бір бөлігінің жылжуының ең жоғарғы амплитудасының логарифміне сәйкес сандардың шартты берілуі
Обсервация — бүкіл зақымданған ошақты оқшаулау жөне ошақтағы жұқпалы ауруды жою қатаң эпидемияға қарсы шаралар жүйесі
Опырмалар — ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
Өрт - адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі