Тіс-жақ жүйесінің қандай ауытқулары Энгль бойынша 1 класқа анықтама жазыңыз.
|
Тіс-жақ жүйесінің қандай ауытқулары Энглдің 2 класына анықтама жазыңыз.
|
Тіс-жақ жүйесінің қандай ауытқулары Энглдің 3 класына анықтама жазыңыз.
|
Ашық тістемге анықтама беріңіз.
|
Ашық тістемді дамытудың негізгі механизмдерін жазыңыз
|
Ашық тістемдің негізгі себептері.
|
Терең тістемдің дамуына қандай этиологиялық факторлар әсер етеді.
|
Терең тістемдің патогенетикалық механизмдері қандай сипаттама беріңіз.
|
Терең тістемдің жіктелуі.
|
Терең тістемдің клиникалық көрінісі қандай сипаттама беріңіз.
|
Сүт және аралас тістем кезінде терең тістемді емдеу әдістері.
|
Айқасқан тістем аномалиясын анықтаңыз.
|
Айқасқан тістемдің дамуына қандай этиологиялық факторлар әсер етеді.
|
Айқасқан тістемдің патогенетикалық механизмдері қандай.
|
Айқасқан тістемдің жіктелуі.
|
Айқасқан тістемдің клиникалық көрінісі қандай.
|
Тұрақты тістем кезінде модельдерді зерттеудің графикалық әдістерін жазыңыз.
|
Тіс-жақ жүйесін зерттеудің рентгенологиялық әдістерін жазыңыз.
|
Зерттеудің телерентгенографиялық әдісі, оның негізгі ережелері.
|
Тіс-жақ жүйесін зерттеудің функционалдық (статикалық) әдістері.
|
Тіс-жақ жүйесін зерттеудің функционалдық (динамикалық) әдістері.
|
Ортодонтиялық емдеудің қажеттілігі мен ұтымдылығын анықттаудың әдістері.
|
Ортодонтиялық емдеудің мүмкін тиімділігін анықтаудың әдістері.
|
Ортодонтиялық аппараттардың классификациясының авторларын жазыңыз
|
Ортодонтиялық аппараттар әрекет принципі бойынша жіктеңіз.
|
Макродентия- дегеніміз не? Клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
|
Микродентия- дегеніміз не? Клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
|
Адентия- дегеніміз не? Клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
|
Гипердентия- дегеніміз не? Клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
|
Ортодонтиялық аппараттар дизайн түріне қарай жіктеңіз.
|
Ортодонтиялық аппараттардың негізгі құрылымдық элементтерін жіктеңіз.
|
Ортодонтиялық аппараттардың қандай элементтері бекітуге жатады, жазыңыз.
|
Ортодонтиялық аппараттардың қандай элементтері әсер етеді, жазыңыз.
|
Ретенциялық ортодонтиялық аппараттардын жұмыс істеу принциптерің, қолдануға арналған көрсеткіштерің тізбектеп жазыңыз.
|
Профилактикалық ортодонтиялық аппараттардын жұмыс істеу принциптерің, қолдануға арналған көрсеткіштерін тізбектеп жазыңыз.
|
Балалардағы тіс-жақ жүйесінің аномалиясын емдеу кезінде миогимнастиканы қолдануға арналған көрсеткіштерін тізбектеп жазыңыз.
|
Балалардағы тіс-жақ жүйесінің аномалиясын емдеу кезінде хирургиялық әдістерді қолдануға арналған көрсеткіштерің тізбектеп жазыңыз.
|
Ортодонтиялық аппараттарға бейімделу кезеңдерін атаңыз.
|
Ортодонтиялық аппаратқа қолдау таңдаудың қандай ережелері бар, жазыңыз.
|
Ортодонтияда қолданылатын ретейнерлерге сипаттама беріңіз.
|
Энгль классификациясы бойынша тіс-жақ жүйесінің ауытқулары қандай принцип бойынша жүйеленген жазыңыз.
|
Энгел жүйелеген жеке тістердің орналасу аномалияларын жазыңыз.
|
Ашық тістемдің негізгі формаларының клиникалық көрінісін жазыңыз.
|
Ашық тістем кезінде бет әлпетінде қандай өзгерістер байқалады жазыңыз.
|
Ашық тістемдің интрааральды белгілері қандай анықтама беріңіз
|
Уақытша, ауыспалы және тұрақты тістем кезінде ашық тістемді емдеудің негізгі принциптерін жазыңыз.
|
Ашық тістемдің алдын алудың негізгі принциптерін жазыңыз.
|
Аномалияны терең тістем арқылы анықтаңыз.
|
Тістердің орналасуы мен тіс доғаларының құрылымының қандай ауытқулары терең тістемге жатады жазыңыз.
|
Жақ сүйектерінің дамуындағы қандай ауытқулар терең тістемге жатады жазыңыз.
|
Аралас тістем кезінде терең тістемді емдеу әдістері.
|
Тұрақты тістем кезінде терең тістемді емдеу әдістері.
|
Тістем дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі терең тістемдің алдын-алу әдістері.
|
Тістердің орналасуы мен тіс доғаларының құрылымының қандай ауытқулары Айқасқан тістемге жатады жазыңыз.
|
Жақ сүйектерінің дамуындағы қандай ауытқулар Айқасқан тістемге жатады.
|
Қалыптасқан сүт және ерте ауыстырылатын тістем кезінде Айқасқан тістемді емдеу әдістері.
|
Кеш ауысымдық тістем кезінде Айқасқан тістемді емдеу әдістері.
|
Тұрақты тістем кезінде Айқасқан тістемді емдеу әдістері.
|
Сагиттальды жазықтықта клиникалық зерттеу әдісін атаңыз.
|
Трансверзальды жазықтықта клиникалық зерттеу әдісітерін жазыңыз.
|
Уақытша тістем кезінде жақ модельдерінің зерттеу әдісітерін жазыңыз.
|
Ауыстырылатын тістем кезінде жақ сүйектерінің модельдерін зерттеу әдісітерін жазыңыз.
|
Трансверзальды жазықтықта тұрақты тістем кезінде жақ сүйектерінің модельдерін зерттеу әдісітерін жазыңыз.
|
Сагиттальды жазықтықта тұрақты тістем кезінде жақ сүйектерінің модельдерін зерттеу әдісітерін жазыңыз.
|
Науқаста ауыз қуысының гигиеналық жағдайы және басқа стоматологиялық аурулар анықталған кезде ортодонттың міндеттеріне тоқталыңыз.
|
Науқаста басқа стоматологиялық аурулар анықталған кезде ортодонттың міндеттері және дәрігердің іс әректтері жазыңыз.
|
Тіс-жақ жүйесінің морфологиялық және функционалдық бұзылыстарының ауырлық дәрежесін анықтау әдістері.
|
Стоматологиялық жүйенің морфологиялық және функционалдық бұзылыстарының ауырлығын бағалаудың әдістері.
|
Науқастың дәрігермен байланысын ескере отырып, ортодонтиялық емдеуді жоспарлау принциптерін жазыңыз.
|
Психоэмоционалды жағдайға байланысты тіс-жақ жүйесінің ауытқулары бар науқастардың контингентін жіктеңіз.
|
Ортодонтиялық емдеуді жоспарлау және психоэмоционалды жағдайдың 1 түрімен ортодонтиялық аппараттың дизайнын таңдау ережелерін атаңыз.
|
Ортодонтиялық емдеуді жоспарлау және психоэмоционалды жағдайдың 2 түрімен ортодонтиялық аппараттың дизайнын таңдау ережелерін атаңыз.
|
Ортодонтиялық емдеуді жоспарлау және психоэмоционалды жағдайдың 3 түрімен ортодонтиялық аппараттың дизайнын таңдау ережелерін атаңыз.
|
Ортодонтиялық емдеуді жоспарлау және психоэмоционалды жағдайдың 4 түрімен ортодонтиялық аппараттың дизайнын таңдау ережелерін атаңыз.
|
Лигатураларды ауыстыру қандай мерзімде жүргізіледі, Ортодонтияда қолданылатын лигатуралар туралы жазыңыз.
|
Ретенциялық аппараттарды қолданудың міндеттерін жазыңыз.
|
Ретенциялық аппараттардың негізгі конструкцияларын жазыңыз.
|
Ретенциялық аппараттарды пайдалану мерзімі және оларды пайдалану режимін атаңыз.
|
Ортодонтиялық аппаратураны қолданудың жас ерекшеліктерін жазыңыз
|
Алынбайтын ортодонтиялық аппараттарды қолдану көрсеткіштерін жазыңыз.
|
9 жасар бала анасымен бірге стоматолог-ортодонт дәрігерге төменгі тістермен жоғарғы ерінді тістеуіне, тамақ шайнау, сөйлеу бұзылысына шағымданып келді.
Бет белгілерінің бағасы:
Беттің асимметриясы байқалмайды, эстетика мен күлу сызығы-қанағаттанарлықсыз. Төменгіжақсүйектік бұрыш 145 градус ұлғайған. Беттің ортыңғы үштен бір бөлігі ішке кіріңкі , профиль ойық. Беттің төменгі үштен бір бөлігі азайған, мұрын-ерін қатпарлары және супраментальді қатпарлар айқын, иек пен төменгі ерін алға шығыңқы.
Мұрын негізі айқын, мұрын арқасы түзу, мұрын қанаттары қалыпты жағдайда, тыныс алу сынамасы теріс, ерін сызықтары симметриялы. СТЖБ тарапынан патология байқалмайды. Төменгі жақ қозғалысы шектелмеген, ауызды ашу еркін.
Ауыз қуысын тексеру:
-ауыз қуысы кіреберісі тереңдігі – қалыпты жағдайда 5мм
-Альвеолярлы өсінді биіктігі біркелкі емес. Ерін тартпалары жағдайы: жоғарғы ерін үзбесі қалың, төмен бекітілген, ортыңғы күрек тістер арасына дейін жетеді. – ТІСТЕР АРАСЫНДАҒЫ САҢЫЛАУ 4ММ ШАМАСЫНДА.
Бірінші азу тістердің сагиттальді ара қатынасы бұзылған. Төменгі бірінші азу тістер сауыты мезиалді жылжыған.
Биометрия мәліметтері тіс доғасының пішіні мен өлшемінің өзгеруін көрсетеді. Жұтыну қызметі бұзылған. Алдын ала диагноз қойыңыз, ем жоспарлаңыз.
|
Бала мезиальді тістемнің бірінші айқындылық дәрежесімен ортодонтиялық емдеу процессінде. Бала алмалы—салмалы механикалық аппарат киеді. Алдыңғы бөлікте кері күрек тістік жабылу бар. Алдыңғы бөліктің тіс қатарының 0,5 мм жоғары бөлінуі қандай жағдайға алып келуі мүмкін болжамды диогнозыңыз.
|
15 жастағы науқас алдыңғы тістер аралығында саңылау барлығына шағымданады. Сырт қарағанда еріндер күшпен түйіседі, жұтыну кезінде иек «оймағы» симптомы барлығы анықталды. Ауыз қуысында: тіс қатарларының алдыңғы бөлігінде вертикальды саңылау шамамен – 3 мм. Емдеу жоспарын құрыңыз.
|
Қыз бала 20 жаста. Эстетикалық шағыммен келді. Сырт қарағанда бет симметриялы, беттің төменгі жақ бөлігінің ұзарғаны байқалады. Ауыз қуысын қарау: азу тістер сагитальды қатынасы Энгльдың II класы I кіші класы, сагитальды саңылау 7 мм. Эшлер Битнер клиникалық сынамасын жүргізу барысында беттің профилі жақсарады. Осы патологияға себепші факторды аықтап салыстырмалы диогноз жүргізіңіз.
|
Жасөспірім 15 жаста 13 және 23 тістерінің тіс доғасынан вестибулярлы бағытта орналасуы анықталды. Тіс қатарында оларға сауыт енінің ¾ бөлігіне орын жеткіліксіз. Қалған тістер қарым қатынасы қалыпты жағдайда. Емдеу жоспарын құрыңыз.
|
Науқас 12 жаста. Күрек тістік қатынасы бойынша 1 класс, бет құрылысының ерекшеліктері 3 классқа тән, беттің вертикальды мөлшерлері шамалы үлкейген, беттің эстетикасы және күлкі сызығы қанағаттандырарлық. СТЖБ тарапынан патология жоқ. Жұмсақ тіндер жағдайы: еріндер қызметі әлсіреген, төменгі ерін физиологиялық тыныштық жағдайында жоғарғы күрек тістер алдында орналасқан, еріндер тонусы орташа. Ауыз қуысын бағалау: ауыз кіреберіс тереңдігі шамамен 4-5 мм, үзбелер жағдайы жоғарғы ерін үзбесі қалыпты, төменгі ерін үзбесі қысқа, төменгі орталық күрек тістер мойындары ашылған, жоғарғы тіс доғасының пішіні трапеция тәріздес, жоғарғы алдыңғы тістердің аномальды орналасуы, төменгі тіс қатарының пішіні кіші азу тіс маңайында тарылған, төменгі тіс қатарында тістер топтасуы, жоғарғы тістердің топтасып орналасуы, жоғарғы жақта 16 ротациясы, 1.3 тістің ұртқа қарай ығысуы. Осы науқаста тіс доғасының алдыңғы бөлігің анықтайтын биометриялық әдісті көрсетіңіз
|
15 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданады. Жалпы қарағанда: тар бет, бастың пішіні – долихоцефаликалық. Ауыз қуысында: күрек тістер тығыз және өз осьінен бұрылып орналасқан, жоғарғы күрек тістер сауыттарының мезиодистальды қосындысы – 36 мм, төменгі жақта – 24 мм. Жоғарғы және төменгі күрек тістер пропорциональдығын көрсететін әдісті анықтап ем жоспарын құрыңыз.
|
Науқас 17 жаста. Эстетикалық шағыммен және СТЖБ ны ауруына шағымданады. Беттік параметрлер бағасы: беттің асимметриясы жоқ, беттің төменгі бөлігінің биіктігі физиологиялық тыныштық жағдайында – 66 мм, орталық окклюзия кезінде – 60 мм, төменгі жақ бұрышының шамасы – 125 гр. Ауыз қуысын қарау: жоғарғы тіс қатары толық, төменгі жақты 36, 3.5, 4.6 жок екендігі анықталды. Терең күрек тістік жабылу төменгі жақ алдыңғы күрек тістердің 2/3 бөлігіне. 21 және 12 тістер маңайында шырышты қабат қабынған, тиген кезде қанайды, тіс-қызыл иектік бекітілу бұзылмаған. Азу тістер сагиттальды қарым-қатынасы: жоғарғы бірінші азу тіс мезиальды төмпешігі төменгі бірінші азу тістер мен кіші азу тіс аралығында орналасқан диогноз қойып ем жоспарын құрыңыз.
|
20жастағы науқасты зерттеу барысында беттік белгілері дистальді окклюзияға сай келеді. Диагностикалық әдістерді өткізгеннен кейін диагноз қойылған – тіс қатарларының дистальді окклюзиясы. Объективті қараған кезде ауыз қуысында төменгі және жоғарғы жақтың фронтальді тістер аймағында сагиттальді саңылау байқалған, 7 мм аумағымен, азу тістер түйісуі бұзылған – 3 мм. Жоғарғы күрек тістерде протрузия, алдыңғы тістерде диастема , тремалары бар. ТРГ арқылы төменгі жақтың ретрогнатиясы байқалған- SNB бұрышы қалыпты жағдайдан төмен. Төменгі жақты алға жылжытқанда азу тістердің түйісуі қалыптасып, сагиттальді саңылауы 3 мм азаяды. Жоғарғы жақ тіс қатарларының саңылауын жабу үшін аппарат конструкциясын таңдап, емдеу әдісін жоспалаңыз.
|
Науқаста тіс қатарларының дистальды окклюзиясы бар екені анықталды. Ауыз қуысын объективті қарау барысында анықталды: азу тістер қарым-қатынасы Энгльдің 2 классы, сүйір тістер қатынасы – төмпешікті, яғни төменгі жақ сүйір тістерімен түйіседі. Фронтальды бөлікте жоғарғы алдыңғы тістер топтасып орналасуы, жоғарғы жақ тіс қатарының кіші азу тістер маңайында тарылуы, жоғарғы тіс қатарының ұзындығы қалыпты. Төменгі жақ тіс қатарының пішіні және мөлшері өзгермеген. Емдеу жоспары
|
Дәрігер-ортодонтта науқас тіс қатарларының дистальды окклюзиясы терең күректістік окклюзиямен ортодонттық емделу үстінде. Ауыз қуысын зерттеу барысында жоғарғы және төменгі жақтарда брект-жүйесі бекітілген. Осы жағдайда эджуайз-техникамен емдеудің классикалық принципін жазыңыз.
|
Бала 9 жаста. Баланың ата-анасы балада сырт көрінісінің өзгергеніне шағымданып келді. Бет параметрлерін бағалау: бет симметриялы, беттің вертикальды мөлшерлері өзгерген- ортаңғы бөліктің ұзарғаны алға шығыңқы орналасуымен, төменгі бөліктің биіктігінің төмендеуі, мұрын-ерін қатпары тегістелген, иек қатпары айқын, төменгі жақ бұрышы шамасы қалыпты, ерін тонусы әлсіреген, тынықтық жағдайында еріндер күшпен түйіседі, жоғарғы күрек тістер төменгі ерін маңайында, жоғарғы күрек тістер шамасы үлкейген. Объективті: азу тістер сагиттальды қатынасы Энгльдің 2 классы, алдыңғы бөлікте сагиттальды саңылау, күректістік көлденең жабылу ұлғайған, жоғарғы тістер аралығында тремалар. Алынатын ортодонттық аппарат жасау жоспарланып отыр. Осы патологияны емдеу жоспарын құрыныз
|
Бала 10 жаста. Қарап тексергенде: беттің төменгі үштен бірі алға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғы еріннің алдында орналасқан. Мұрын ерін қатпары айқын білінеді. Бүйір тістер ара қатынасы: 16 және 26 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешігі 36 және 46 тістердің артқы төмпешік аралық фиссурасында орналасқан. Фронтальді бөлікте төменгі ерін жоғарғы алдыңғы тістердің алдында орналасады. Күрек тістер арасындағы ортаңғы сызық сол жаққа ығысқан. Алдын ала диагноз қойыңыз
|
12 жастағы жасөспірім. Ата-анасы тістесуінің дұрыс еместігіне шағымданады. Объективті: бет-әлпеті симметриялы, профилі – дөңес. Ауыз қуысында: жоғарғы тұрақты бірінші үлкен азу тісінің алдыңғы ұрттық төмпешігі екінші премолярмен түйіседі. Бүйір проекциялы телерентгенограммада жоғарғы жақтың бассүйектің алдыңғы негізіне қарағанда алдыда орналасқаны анықталған. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты. Төмендегі алғашқы диагноз қойыңыз
|
8 жастағы бала. Ата-анасы эстетикалық кемістікке шағымдануда. Бет-әлпетін сырттан қарағанда: профилі - дөңес, аузы жартылай ашық, ауызбен тыныс алады. Ауыз домалақ бұлшықетінің биопотенциалының регистрациясы үшін төменде аты аталған диагностика әдістері қандай.
|
9 жастағы бала, ортодонт-дәрігерге мектеп тіс дәрігері тарапынан жіберілген. Бет-әлпетін сырттан қарағанда: профилі - ойыс. Үйреншікті окклюзиядағы тіс қатарларының арақатынасын зерттеу барысында жоғарғы тұрақты бірінші үлкен азу тісінің мезиальды-ұрттық төмпешігінің антагонист тістің бірінші көлденең саласына қарағанда дистальды бағытта орналасқаны анықталған. Тістесу ауытқуының клиникалық түрлерінің дифференциальды диагностикасы
|
10 жастағы бала, мектеп тіс дәрігері тарапынан жіберілген. Тұрақты бірінші үлкен азу тістері Энгльдің III класы бойынша түйісуде, клиникалық функциональды сынама жүргізгенде бала тістерін тік қатынасқа жылжыта алмайды. Ауытқудың себебін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу керек жазыңыз
|
Балалар бақшасындағы профилактикалық қарауда 3 жастағы балада тіс қатарларының тістесу жағдайында 75, 85 тістердің 55, 65 тістерге қарағанда мезиальды бағытта орналасқандары анықталды. Фронтальды бөлікте- тік тістесу. Диогноз қойыңыз.
|
17 жастағы бозбала. Эстетикалық кемістікке шағымдануда. Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы тұрақты бірінші үлкен азу тісінің мезиальды ұрттық төмпешігі бірінші премоляр және төменгі тұрақты бірінші үлкен азу тісінің мезиальды ұрттық төмпешігімен түйіседі. Жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді тереңнен жауып, оральды бағытта бағытталған. Диогноз қойыңыз.
|
7 жастағы баланың ата-анасы эстетикалық кемістікке шағымдануда. Бет-әлпетін сырттан қарағанда: мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, иегі кесілген, төменгі ерні сыртқа шығыңқы, жоғарғы күрек тістер осы ерінде орналасқан. Тіс қатарларының тістесу жағдайында төменгі күрек тістер таңдайдың шырышты қабатына тиіп тұр, артқы бөлікте бірдей бүйір тістердің тістесуі анықталады. Баяндалған клиникалық жағдай Энгль жіктемесі бойынша қай топқа жатады жазыңыз.
|
Профилактикалық бақылауда 12 жастағы жасөспірімнің ауыз қуысын тексергенде жоғарғы тұрақты сүйір тістің төменгі сүйір тіс пен бүйір күрек тісі арасында орналасқаны анықталған. Баяндалған клиникалық жағдайға диогноз қойыңыз
|
8 жастағы баланың ауыз қуысын тексергенде тіл жүгеншесінің қысқа тартпа тәріздес тіл ұшына жақын орналасқаны анықталған. Тілін сыртқа шығарғанда тіл ұшы қатпарланып, созылу нәтижесінде арқасы ісінеді. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 13 жаста. Шағымы; төменгі тістердің сезімталдығына, сыздауына және қызыл иектің қанауына.Объективті; беті симметриялы, иегінің үстінде терең сала бар. Ауыз қуысында түйісу болғанда жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы тістері төменгілерінің сауыттарынын 2/1 бөлігінен көбін жауып тұрады. 11,21 тістердің ретрузиясы бар, соның салдарынан төменгі тістердің тіс аралық қызыл иектік бүртіктері кіреберіс жағында зақымдалады. 42,41,31,32 тістердің тістеу қырлары қажалған. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 8 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде; ауыз қуысында 12,11,21,22 тістері өсі бойынша бұрылған. 11, 21 тістердің сауыттары медиальды, кіреберіске қарай жылжыған. 11, 21 тістердің арасында таңдай жақта атипті форма тіс бар. Рентгенограммада 12, 21 тістердің түбірлері латеральды орналасқан. Олардың арасында тістердің ұрықтары орналасқан. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 14 жаста. Шағымы; бет келбетінің ажарсыздығына, тіс қатарының дұрыс еместігіне. Объективті; ауыз қуысында жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тіс қатары тарылған. 13 тіс кіреберіске қарай жылжыған, 14 тіс мезиальды жылжыған. Тіс қатарында 53 тіс бар. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 12 жаста. Шағымы; тіс қатарының косметикалық ақауына, жоғарғы жақта ісігінің жоқтығына.Объективті; ауыз қуысында 14 тіс мезиальды жылжыған, 12 тіс латеральды еңіскен, 13 тіс таңдайға қарай жылжыған,15,14 тістер арасында орналасқан. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 13 жаста. Шағымы; бет келбетінің ажарсыздығына, тіс қатарының дұрыс еместігіне. Объективті; беті симметриялы, мұрнымен тыныс алу қиындаған. Тілінің жүгеншесі қысқарған. Тіс формуласы жасына сәйкес. Бүйірдегі тістердің қатынасы Энгльдің 2 класы бойынша 12, 11,21, 22 тістері өсі бойынша бұрылған. Тістесуде төменгі жақтың алдыңғы тістер сауытының 3/2 бөлігін жабады. Төменгі жақта тістері тығыз орналасқан. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 9 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде анықталған: екі жақ сүйектерінде алдыңғы тістердің арасында бос жерлер бар, тістер алға шығып тұр. Күрек тістер тістесу қырларымен түйіседі. Төменгі жақ сүйегінің тістері желпуіш тәріздес орналасқан. Жұтуы инфантильді. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 5 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде анықталған: иек алға шығып тұр, беттің орта бөлігінің батып кетуі және ұзаруы байқалады. Ауыз қуысының алдыңғы бөлікте кері жауып тұру. 55, 65 және 85, 75 тістердің Энгельдің ІІІ класы бойынша түйісуі байқалады. Тілдің жүгеншесі қысқарған. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде анықталған: мұрын мен ерін арасындағы қатпарлар тегістелген, алдыңғы бөлікті толық жауып тұр. 16, 26, 36, 46 тістердің Энгельдің ІІ класы бойынша түйісуі байқалады. Төменгі алдыңғы тістердің тістесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұр. Екі жақ сүйектерінде тістері тығыз орналасқан. 13, 23 тістерге орын жеткіліксіздеу. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Науқас 6 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде; жоғарғы және төменгі еріндердің арасында саты бар, төменгі жақ сүйегінің иек бөлігі алға шықпаған.Объективті; жұту қызметі бұзылған,жұтқанда тілдің ұшы төменгі алдыңғы тістерге тиіп тұрады. Тістерді түйістіргенде төменгі алдыңғы тістер сауыттарының 1/2 биіктігін жауып тұрады. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде; төменгі ерін алға шығып тұр, беттің орталық бөлігі ұзарған, батып кеткен. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, алға шығып тұр,тістесу кері терең. Макроглоссия. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 8 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында асқынған тіс жегісінің салдарынан 75,85 тістері жұлынған, тістері жоқ. 11, 21 тістердің арасында 4 мм тең бос орын бар. 36,46 тістер орнынан жылжымаған. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала 12 жаста. Шағымы; тістерінің дұрыс түйіспеуіне.Объективті; бет келбетінде ерінмен мұрын арасындағы қатпарлар айқындалған. Ауыз қуысында алдыңғы бөлікте толық жауып тұру бар,шайнау тістері орналасқан жерде түйісу Энгльдің 2 класы бойынша. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Пациент 19 жаста. Тістерінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында тіс формуласы жасына сәйкес. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тарылған. 12, 22 тістері окклюзиялық сызықтан жоғарғы орналасқан. Тіс қатарында сауыттың 1/3 еніндей орын жетпейді. Тістері тығыз орналасқан. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Пациент 12 жаста. Ауыз қуысын прфилактикалық қарату мақсатымен клиникаға келген. Обективті: беті симметриялы, тыныс алуы аралас, лимфа түйіршіктері үлкеймеген, Жоғарғы ерін мен тілдің жүгеншелерінің жабысуы нормада деп айтуға болады. Тіс қатарында 21 тіс жоқ; 13 тіс таңдай жаққа жылжыған, 14 тіс пен 15 тістердің арасында орналасқан. 14 тіс мезиальды жылжыған. Рентгенограммада 21 тістің ұрығы бар. Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс, ем жоспарыңыз.
|
Бала 11 жаста. Алдыңғы тістердің түйіспеуіне, тамақты тістен алудың қиындығына шағымданады. Тексеріп қароағанда алдыңғы бөлікте вертикальды саңылау бар, тілін сорады, жұтуы бала тәріздес, еріндері түйіспейді, шырышты қабық құрғақ. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
5 жастағы бала. Балалар бақшасындағы профилактикалық бақылауда тіс дәрігері тіл жүгеншесі тартпасының қатты байқалмайтынын, тіл бұлшықеті қатпарында орналасып, тілдің қозғалысын шектеп тұрғаны анықтаған. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
7 жастағы бала, ата-анасы эстетикалық кемістікке шағымдануда. Бет-әлпетін сырттан қарағанда иегі алға жылжыған, жоғарғы ерін қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары айқындалған. Ауыз қуысында: аралас тістесудің бірінші кезеңі, күрек тістердің кері жабылуы байқалады, 83, 73 тістердің төмпешіктері жақсы айқындалған. Диогноз қойыңыз, ем жоспарыңыз.
|
Бала мезиальді тістемнің бірінші айқындылық дәрежесімен ортодонтиялық емдеу процессінде. Бала алмалы—салмалы механикалық аппарат киеді. Алдыңғы бөлікте кері күрек тістік жабылу бар. Алдыңғы бөліктің тіс қатарының 0,5 мм жоғары бөлінуі қандай жағдайға алып келуі мүмкін болжамды диогнозыңыз. Ем жоспарыңыз.
|