Тістің экстракциясындағы қансырауда мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші


Жабық пневмоторакс кезінде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі



бет43/49
Дата03.11.2023
өлшемі83,73 Kb.
#189216
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
алгоритм - копия

Жабық пневмоторакс кезінде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Жабық пневмоторакс плевра қуысына бір уақытта ауаның жара арқылы шығуынан дамиды


Іс-әрекетінің алгоритмі

  • 50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін б/е

  • Егер жара болса айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеу

  • Жараға асептикалық байлам салу

  • Жара орнына мұзды мұйық салу

  • Зембілге салып, жартылай отырғызып, хирургия бөліміне тасымалдау

  • Жара болса сіреспенің алдын алуын шешу


Ашық пневмоторакс кезінде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Ашық пневмоторакс плевра қуысынаауаның жара арқылы демді алғанда және дем шығарғанда оның сыртқа шығуы.


Іс-әрекетінің алгоритмі

  • 50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін б/е жансыздандыру ретінде өткізу

  • Егер жара болса айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеу

  • Жараға окклюзиялық байлам салу (жараны тампондағаннан кейін теріні майлы ерітіндімен айналасын өңдеп, жеке байлам пакетінен жасалған резиналы тінді стерильді жағымен салу, лейкопластырьмен жабыстыру)

  • Жара орнына мұзды мұйық салу

  • Оксигенотерапия өткізу

  • Зембілге салып, жартылай отырғызып, хирургия бөліміне тасымалдау

  • Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау

  • Сіреспенің алдын алуын шешу


Клапанды пневмоторакс кезінде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Клапанды пневмоторакс терідегі жарадан плевра қуысына әр демалған сайын ауа кіреді, демді шығарған кезде жара бітеледі. Әр дем алған сайын плевра қуысында ауаның мөлшері ұлғая түседі.


Іс-әрекетінің алгоритмі

  • 50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін б/е жансыздандыру ретінде өткізу

  • Жара аймағын антисептикпен өңдеу

  • Жараға окклюзиялық байлам салу (жараға тампонда өткізген соң, жара аймағын майлы ерітіндімен өңдеп, клеенкалы байлам салу, жабысқақ пластырьмен бекіту)

  • Жараға мұзды мұйық салу

  • Жарақаттанған жақта ауаны сорып алу үшін плевральдік пункция өткізу

  • Оттегін беру

  • Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин б/е

  • Зембілге салып, жартылай отырғызып, хирургия бөліміне тасымалдау

  • Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау

  • Сіреспенің алдын алуын шешу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет