Кеуде, бел аймағындағы омыртқа сынығындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі
Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең, сынған жерге валик салып жатқызу
Жансыздандыру (б/е 2% 2 мл промедол)
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин б/е
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау
Жарақат бөліміне тасымалдау
Жамбас сынығындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Жамбас сүйектерінің сынығында жиі кездеседі – кіші жамбас ағзалардың жарақаты және травматикалық шок.
Іс-әрекетінің алгоритмі
Зардап шеккен адамды қатты зембілге арқасымен салу, тізе, жамбас буында аяқтарын бүгіп (тізе астына валик)
Жансыздандыру
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин б/е
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау
Қанқа тартудағы жатқан пациенттің төсек – киімін айырбастау кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Құжаттар
Төсек жабдықтары
Резеңкелі қолғап
Дез.ерітінділері бар ыдыс
Іс-әрекетінің алгоритмі
Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру
Таза ақ жайманы бинт тәрізді бүктеп алу
Беллер құрсаудан жүктен босату
Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп, жастықты алып тастау
Ластанған ақ жайманы пациенттің бас жағынан бастап беліне дейін жинап, керуеттің босаған таза ақ жайманы орналастыру
Жастықты салып, пациентті жатқызу
Пациенттің сау аяғын бүгіп, төсекке тірелуін, жамбасын көтеруін сұраймыз
Беллер құрсауын жарақаттанған аяқпен қоса көтере тұрамыз
Ластанған ақ жайманы жинап отырып, тазаны жаямыз
Беллер құрсауды төсекке орналастыру, пациенттің аяғын құрсауда түзеу (құрсаудың иілген бөлігі тақым астына орналасу керек)
Блокта байламның орналасуын тексеріп, жүкті іліп қою
Достарыңызбен бөлісу: |