Титанов жанат егинбаевич


 Етті ірі қара малының жерсіну және бейімделу қабілеті



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

1.2 Етті ірі қара малының жерсіну және бейімделу қабілеті 
Шетелден мал әкелу тек ет өндіру үшін ғана емес, тұқымдардың 
генетикалық әлеуетін жақсарту үшін және белгілі бір мақсаттарды жүзеге 
асыру үшін қажет. Әкелінген жануарлар тәулік сайын ірі азықпен қатар 
құрамында кемінде 20% шикі протеин бар 40% құрамажеммен 
азықтандырылуы тиіс. Азықтандыру және күтіп-бағу жүйелері ағзаға нашар 
әсер еткен жағдайда, өндіріс үшін модификациялық өзгергіштік теріс әсер 
береді, яғни біз осы жануарлардан қажетті нәпселерді ала алмаймыз. Оған 
әлемде көпетеген мысалдар бар, импорттық жануарларды жаңа орындарға 
тасымалдау кезінде күйзеліске әрдайым шыдай бермейді [14,15]. 
Шетелдік ғалымдардың ойынша, асыл тұқымды малдардың сапасын 
жақсарту және мал өнімділігін арттыру үшін биотехнологиялық әдіспен, 
жоғары өнімді малдардың эмбриондарын ірі көлемде қолдану арқылы
жақсартқан тиімді. Мұндай шағылыстыру барлық контингент бойынша 
қолданылады: АҚШ – 58%, Жапонияда – 84%, Аргентинада, Бразилия мен 
Мексикада - тиісінше 86, 87, 90%. Ғалымдардың есептеуі бойынша, төл алуды 
және бұзауды сатуға дейін өсіруді ескере отырып, мұндай әдістің құны 1,5-1,9 
мың АҚШ долларын құрайды. Бұл баға шамамен тірі малдарды сатып алып, 
әкелгеннен әлдеқайда 4-5 мың АҚШ долл. қарағанда аз [16]. 
Жерсіндіру деп биологиялық ағзаның тіршілік әрекетінің аса маңызды 
аспектілеріне әсер ететін физикалық, географиялық және климаттық 
сипаттағы факторлар кешенін түсінеді. Бұл факторлар жануарлардың сыртқы 
орта жағдайларына бейімделуі тұрғысынан дамуына себепші маңызды әрекет 
ететін бастама болып табылады [17]. Сыртқы орта факторларының 
маңыздылығы, оның жануар ағзасының өсу және даму процесінде үздіксіз 
өзара әрекеттесіп, тікелей байланыста болуында. Жануарлардың өнімділігі 
және олардың генетикалық әлеуетін шаруашылық мақсаттарда пайдалану 
дәрежесі, негізінен жануарлар организміндегі қандай да бір физиологиялық 
процестердің сыртқы жағдайларға қаншалықты бейімделгендігіне тікелей 
байланысты [18]. 
Табиғи-климаттық аймақтың біреуінен екіншісіне ауысу процесі кезінде 
қан құрамына, экстерьерге, өнімділіккее, көбею қабілетіне және шаруашылық 
тұрғысынан маңызды басқа да көптеген көрсеткіштерге қатысты айқын 
өзгерістер орын алады [19]. 
Көптеген зерттеушілер [20] жерсіндіру процесін малдарды жаңа табиғи-
климаттық жағдайларға, сондай-ақ күтіп-бағу мен азықтандырудың жаңа 
жағдайларына бейімдеу ретінде сипаттайды. Жерсіндіру кезеңінің басталуы 
көптеген жағдайларда жануарлардың мінез-құлқындағы елеулі өзгерістермен, 


17 
олардың ауруларымен, иммунитеттің төмендеуімен және өнімділігінің 
төмендеуімен сипатталады. Бұрыңғы және жаңа жағдайларда айырмашылық 
жоғары болған сайын, жерсіндіру процесі одан әрі күрделенеді және жалғаса 
береді. Кейбір жағдайларға байланысты малды жаңа жағдайларға толық 
жерсіндіре алмайды, бұл жаңа жағдайларда малдың селекциясы кезінде
барлық генетикалық әлеуетін іске асыру мүмкін еместігінен көрінеді. Мұндай 
жағдайларда асыл тұқымды мал импортын жүргізудің негізділігі күмән 
тудырады. 
Белоусов А. А., Сиразетдинова Ф. Х. өз зерттеулерінде [21,22] абердин-
ангус тұқымының жануарлары әртүрлі елдерде сәтті бейімделгенін көрсетеді, 
оған жалпы бейімделуі және термореттелу механизмі ықпал етеді. 
Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша [23-26] қоршаған орта 
температурасының өзгеруі жануарлар қанының бірқатар көрсеткіштеріне 
айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Негізінен бұл жыл маусымына және ауа 
температурасының өзгеруіне байланысты, сәйкесінше температуралық 
факторлар қан гомеостазының жай-күйін негіздейді, бұл бейімделу 
механизмдерінің қауырттылық дәрежесі туралы қорытынды жасауға және 
белгілі дәрежеде жануардың қоршаған ортаның өзгермелі факторларына 
бейімделуінің табыстылығы туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Попов В. [27] жеке зерттеулерінде жыл маусымының абердин-ангус 
тұқымының сиырларындағы альбуминнің құрамына әсері анықталды. 
Сиырларда альбуминнің ең көп мөлшері көктем-күз кезеңінде байқалды және 
жылдың қалған уақытында шамамен 40 пайызға төмендеді. Бұл ретте қандағы 
ақуыздың глобулинді фракцияларының 4,59-дан 4,92% - ға дейін айтарлықтай 
артуы байқалды. Абердин-ангус тұқымының сиырларының қанындағы жалпы 
ақуыз құрамының максималды шамасы қыс мезгілінде - 8,21% болды. Жалпы 
ақуыздың ең аз мөлшері күзде - 7,48% құрағаны байқалды. Қан 
гомеостазының өзгеруі жануарларға дененің ішкі ортасының тұрақтылығын 
сақтауға мүмкіндік берді. 
Жануарлардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын бағалау мен 
бейімделуді зерттеу кезінде қанның морфологиялық және биохимиялық 
көрсеткіштері үлкен маңызға ие, өйткені жануарлардың өсуі мен дамуына 
байланысты процестер әрқашан қанның морфологиялық және ақуыз құрамына 
әсер етеді [28]. 
Бейімделу процесінде жануарлардың мінез-құлқында өте анық 
өзгерістер байқалады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша [29,30,31], 
жерсіндіру кезінде әрқашанда бір-екі сыртқы факторлар ғана емес, жануарлар 
бейімделетін жалпы факторлар кешені бар. Мәселен, шетелдік малдарды 
импорттау кезінде табиғи-климаттық жағдайы ұқсас жағдайда да сағаттық 
белдеу, күннің шығу және бату уақыты, азық құрамы, күтіп-бағу 
ерекшеліктері, қора-жай құрылымының ерекшеліктері, температуралық 
факторлар, жел бағыты және оның жылдамдығы сияқты параметрлеріне 
бейімделу жүреді, сондай-ақ көптеген басқа да сол сияқты факторлардың 
кейбірі есепке алынбайды. Мысалы, ауыз судың құрамы мен минералдану 


18 
дәрежесі, ауадағы, судағы және азықтағы вирустар мен бактериялардың басым 
штаммдары және т.б. Осы факторларды елемеу себебінен, шетел малдарын 
интродукциялау кезінде көбінесе малдың өз отанында болмаған аурулардың 
аса ауыр індетіне алып келеді. Көптеген зерттеушілердің айтуынша [32,33,34], 
жануарлар неғұрлым қолайсыз жерден қолайлы жағдайға ауыстырылса, 
жерсіндіру процесі тез жүріп, жеңіл өтеді. Жерсіндірудің табысты болуы көп 
жағдайда жануарлардың жасына байланысты. Жануарларды бір жерден екінші 
жерге ауыстыру үшін ең қолайлысы жыныстық жетілудің уақытында 
басталуы. 
Көптеген зерттеушілер шетелдік малдың бейімделуі бойынша өз 
зерттеулерін жүргізді [35]. Бұл зерттеушілер азықтандыру мен күтіп-бағудың
ең жақсы жағдайларын жасаған шаруашылықтарда бейімделу процесі басқа 
шаруашылықтармен салыстырғанда ең жақсы және өте қысқа болды деген 
қорытындыға келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет