Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қажетті қорғану ұғымына сипаттама бере отырып, қажетті қорғану құқығы мен оның шегінен асып кету мәселелерін тереңірек қарастырып, жан-жақты зерделеу – бүгінгі жұмысымыздың басты мақсаты болып отыр.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысына төмендегідей міндеттер қойылды:
- қажетті қорғану құқығы туралы заңнамалардың даму тарихын зерттеу;
- қажетті қорғану құқығының заңды болу шарттарын қарастыру;
- қажетті қорғану құқығының объективтік, әлеуметтік қажеттілігін негіздеу;
- ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қажетті қорғану және қажетті қорғану шегінен шығу критерийлерінің айырмашылықтарына қылмыстық-құқықтық талдау жасау;
- қажетті қорғанудың белгілерін аралас қылмыстық-құқықтық институт белгілерінен (қылмыскерді ұстау, аса қажеттілік, жалған қорғану) ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: |