Тізбекті реакциялар.
Тізбекті реакциялар дегеніміз өзара байланысқан стадиялар
қатарынан тұратын, әр стадия нәтижесінде пайда болатын бөлшектер
келесі стадияны тудырады. Әдетте, тізбекті реакциялар бос радикалдар
қатысуымен жүреді. Барлық тізбекті реакциялар үшін үш типтік стадиялар
тән, оны хлорсутектің түзілуінің фотохимиялық реакциясы мысалында
қарастырамыз.
1. Тізбектің пайда болуы (иницирлеу):
Сl2 + hν ––> 2 Сl•
2. Тізбектің дамуы:
Н2 + Сl• ––> НСl + Н•
Н• + Сl2 ––> НСl + Сl•
Тізбектің дамуы стадиясы бір активті бөлшек – тізбек ұзындығына
келетін реакция өнімінің молекула санымен сипатталады.
3. Тізбектің үзілуі (рекомбинация):
Н• + Н• ––> Н2
Сl• + Сl• ––> Сl2
Н• + Сl• ––> НСl
Тізбектің үзілуі активті бөлшектің реакция жүретін түтіктің
қабырғасының материалымен әрекеттескенде болуы мүмкін, сондықтан
тізбекті реакция жылдамдығы материалға, тіпті реакциялық түтіктің
пішініне де тәуелді болуы мүмкін.
Хлорсутектің пайда болу реакциясы тармақталмаған тізбекті
реакция мысалы болып табылады – бір әрекеттесетін активті бөлшекке
бірден көп емес қайта пайда болған бөлшек келетін реакциялар.
Тармақталған тізбекті реакциялар дегеніміз әр әрекеттесетін активті
бөлшекке бірден көп қайта пайда болған бөлшек келетін реакциялар, яғни
активті бөлшектердің саны реакция барысында әрқашан
өседі.Тармақталған тізбекті реакцияның мысалы ретінде сутектің оттекпен
әрекеттесу реакциясын қарастыруға болады:
1. Иницирлеу:
Н2 + О2 ––> Н2О + О•
2. Тізбектің дамуы:
О• + Н2 ––> Н• + ОН•
Н• + О2 ––> О• + ОН•
ОН• + Н2 ––> Н2О + Н•
Достарыңызбен бөлісу: |