Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар: УЖЖ (УВЧ 30) қондырғысы.
Электрлік диполь.
Термометрлер.
Электролит және диэлектрик құйылған ыдыстар.
Неон шамы
Өлшеу сызғыштары
УЖЖ -30 қондырғысын жұмысқа дайындау ретi:
1. Қондырғыны ток көзіне қосу керек.
2. Қондырғының басқару келесі ретпен жүргізіледі:
a) «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін «Выкл» жағдайына келтіру керек.
b) «Мощность» аустыру тетігін «0» жағдайына келтіру керек.
3. «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін «1» жағдайына келтіру керек.
4. «Контроль напряжения» пернесін басып тұрып, «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін бұрау арқылы индикатордың тілі (стрелкасы) боялған аймақтың ортасында тұратындай кернеуді тандап алу керек.
5. Қондырғыны 1,5 минут қыздыру керек.
6. 1- тапсырманы орындау үшін «Мощность» аустыру тетігін «15 Вт», ал 2- тапсырманы орындау үшін «Мощность» аустыру тетігін «30 Вт» жағдайына келтіру керек.
7. Қондырғыны баптау үшін неон шамымен «Настройка» тетігін бұрау арқылы ең жоғарғы жарқырауды алуға болады.
Жұмыстың орындалу ретi:
1. Жоғарғы жиiлiктi электр өрiсiнiң кеңiстiкте таралуын зерттеу. а) УЖЖ аппараттарының электродтарын дипольдық антена арасына сиятындай етiп, бiрбiрiне параллель түрде орналастыру керек.
б) Дипольдық антенаны, сызғыштың ”0” белгiсiмен дәл келетiндей етiп, электродтардың ортасына орналастыру керек.
в) дипольды горизонталь жазықтық бетiмен жылжыта отырып, әр 2 см сайын миллиамперметрдiң көрсетуiн анықтап, алынған нәтижелердi 1-кестеге енгiзу керек.
г) дипольдi вертикаль жазықтық бетiмен жылжыта отырып, әр 2 см сайын микроамперметрдiң көрсетуiн анықтап, алынған нәтижелердi 1 кестеге енгiзу керек.
д) Зерттеу нәтижесi бойынша if(Lx) және if(Ly) тәуелдiлiк графигiн сал.