1. Тақырыбы: Терапевтикалық электронды-медициналық құралдар. 2. Мақсаты: терапиялық электронды-медициналық аппаратураның класын оқып үйрену.
3. Оқыту міндеттері: заманауи диагностикалық аппаратура жұмысының жіктелуі мен принциптерін білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Медициналық техника алдына қандай міндеттер қойған?
2. Медициналық техниканың классификациясы.
3. Емдеуші қондырғылар қандай мақсатта қолданылады?
4. Диагностикалық құралдар қандай мақсатта қолданылады?
5. Оқыту және оқыту әдістері:тәжірибелік, шағын топтармен жұмыс.
Бүгінгі таңда физикалық құралдар мен қондырғыларды қолданбайтын медициналық емдеу орны жоқ. Дәрігердің диагностикалық қызметі науқасты жаңа медициналық қондырғылардың көмегімен зертеу және сараптау жүргізу. Көптеген медициналық қондырғылар қолдану бағытына қарай құрылысы жағынан физикалық құралдар болып келеді.
Медицинада қолданылатын техникалық құрылғылар жалпы түрде «медициналық техника» деп аталады.
Медициналық технологиялық үдерістерді шешу мақсатына қарай бүкіл медициналық техниканы: аспаптар (аппаратуралар), құрал-жабдықтар және қондырғылар деп үш үлкен топқа бөлуге болады.
Медициналық аспаптар деп – энергетикалық әсер тудыруына байланысты емдеу, хирургиялық және бактерицидті қасиеті бар техникалық құрылымды айтады. Бұндай аспаптар белгілі бір дәрежеде өзбетінше немесе тікелей (автоматты) түрде науқасқа өз әсерін тигізе алады.
Медициналық құрал-жабдықтар науқасқа адамның қолымен бірге, оның жалғасы ретінде өз әсерін тигізеді.
Медициналық қондырғылар – науқасқа қызымет көрсететін және медициналық технологиялық (диагностикалық және емдік) үдерістерді қамтамасыз ететін көмекші құ.рылымдар.
Медициналық аспаптар ең күрделі жылдам дамып келе жатқан медициналық техниканың аймағы.
Медициналық аспаптардың басым бөлігінің құрылысы электротехникалық және электронды болып келетін электрлік медициналық құралдармен аспаптар құрайды Сонымен қатар механикалық энергияны қоланатын аспаптар жатады:
қатты денелер – сүйекті созатын аппараттар;
сұйықтар – сумен емдейтін қондырғылар;
газдар - наркоз беретін, өкпені жасанды жолмен желдететін аппараттар және т.б.