35
S – жер асты сулары (20%);
F – органикалық заттардың синтезделуіне жұмсалатын су (3%).
Ылғалға қатысты ағаш породаларын мынадай топтарға бөледі (П.С.
Погребняк, 1968):
- Ксерофиттер – сексеуіл (Haloxylon - саксаул), арша (Juniperus -
можжевельник), пыста (Pistacia – фисташка), емен (Quercus - дуб
пробковый), қарағай (Pinus - сосна), жиде (Elaeagnus - лох), шырғанақ
(Hippophae - облепиха), қараағаш (Ulmus - вяз мелколистный), қызыл тал (Salix
acutifolia – ива красная).
- Мезофиттер – емен (Quercus - дуб черешатый), шынар түсті үйеңкі (Acer
platanoides – клен остролистный) және дала үйеңкісі (Acer campestre - клен
полевой), жөке (Tilia - липа), граб (Caprinus), балқарағай (Larix - лиственница),
шамшат (Fagus - бук), каштан (Aesculus), қайың (Betula - береза повислая),
көктерек (Populus tremula - осина), Сібір қарағайы (Pinus sibirica - сосна
сибирская), самырсын (Abies - пихта), ильм (Ulmus), бузина (Sambucus -
бузина).
- Гигрофиттер – қайың (Betula pubescens - береза пушистая), қандыағаш
(Alnus), қаратерек (Populus nigra - осокорь), тал (Salix - ива козья, серебристая,
ломкая), мойыл (Padus - черемуха).
Ормандар ашық жерлермен салыстырғанда ылғал көп жиналуына байланысты
жер бетіндегі ағын суларды жер асты суларына ауыстырып өзендерді сумен
қамтамасыз етеді. Территорияның ормандылығы жоғары болған сайын
өзендердегі судың деңгейі жоғары болады. Ормандылықтың азаюы өзен
суының тартылуына алып келеді.Басқа экожүйелермен салыстырғанда
орманда қар көбірек жиналады. Қарлар жапырақты орманда молырақ болады.
Қылқан жапырақты ормандарда қар азырақ жиналады. Мысалы,
шыршалықтарда қар қалың ормандарымен салыстырғанда 40%-ға аз
жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: