33
Ылғал көздері
. Өсімдіктер үшін ылғалдың негізгі көзі жауын
шашындар, конденсациялық ылғалдар ( шық, қырау, тұман, көк мұз), жер
асты және топырақ сулары болып табылады.
Жауын шашынның орманға әсері олардың түсу уақытына, қарқыны
мен ұзақтығына, ауа температурасы мен ылғалдылығына, топырақ
ерекшклігіне, жер бедеріне байланысты түрлі себептер жиынтығының
әсерімен білінеді.
Қатты
жауын
шашындар
(қар,бұршақ)
орманның
негізгі
компоненттеріне оң әсерімен қатар, теріс, те әсері болады.
Олардың оң әсері : ылғал көзі , жылуды шығармайды, топырақты терең
тонға шалынудан қорғайды, ал өсімдіктердің тамыр жүйесін ,тұқымды, жас
шыбықты,, өскінді, топырақ дүниесін – аяз ұруынан сақтайды. Қар қалыңдығы-
50 см және одан көп болғанда топырақ үсті мен астының температуралар
айрмашылығы 20 с-қа дейін жетеді.
Теріс әсері: ағаштардың желегіне жиналған қар салмағымен ағаштарды
сындырады және құлатады, сонымен қатар , жас ағаштардың діңдерін
деформациялайды.
Қар салмағынан 1-2 жас кластарының қарағайлары көп сынады.
Бұршақ пен шық жапырақтарды , гүлшелерді , жемістерді, бұтақтарды және
ағаштың жлектерін зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: