«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


-3-дәрістер. Түйсінулердің түрлері және классификациясы. Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиясы



бет2/12
Дата18.12.2023
өлшемі64,77 Kb.
#197538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

2-3-дәрістер. Түйсінулердің түрлері және классификациясы. Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиясы

Түйсіну объективті әлемнің жеке қасиеттерін бейнелейтін процесс ретінде, сыртқы орта ретінде, рецепторларға (сезім мүшелері) тікелей әсер етуден туындайтын меншікті организм ретінде, сыртқы ортаға бейімделу үшін іс-әрекет пен мінез-құлықты регуляцяилаушы ретінде. Түйсінулердің функциялары:сигналды, бейнелеуші, регулятивті Л.М.Веккердің информациялық теориясы. Түйсінудің кеңістікті-уақыт сипаттамасы. Түйсіну парциалды метрикалық инвариант ретінде.


Психофизиканың пәні мен міндетін тұжырымдау. Түйсіну табалдырықтары мен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. Сигналдарды табу теориясында табалдырық ұғымын сынау. Көру қабылдауындағы Фурье-анализ.
Фурье-анализдің зерттеу пәні-қабылдау феномендері, осы теорияның негізгі ұғымдары-психофизикалық оператор, Фурье қатарлары, сызықтық операторлар, беруші функциялар.
Психофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Стимуляция жайлы түсінік. Бір өлшемді шкалалау. Көп өлшемді шкалалау әдісі. Қабылдауды зерттеуге көп өлшемді шкалалауды қолдану. Субсенсорлық диапозон. Табалдырықты өлшеу әдістері. Бугер-Вевер заңы. Фехнер постулаты. Фехнер заңының қорытындысы. С. Стивенстің психофизикасы.
Стивенстің Фехнер концепциясын сынауы (түйсінуді тура өлшеу мүмкін еместігі жайлы). Тура шкалалау әдісі. Стивенс заңының қорытындысы. Сигналдарды табу теориясы.
Түйсінудің негізгі қасиеттері – сапасы, интенсивтілігі, ұзақтығы және кеңістікті локализациясы, түйсінудің абсолютті және салыстырмалы табалдырықтары (бұлардың мазмұны семинарда талданады). Түйсінудің қасиетіне оның салдар және латентті кезең сияқты қасиеттерін айтуға болады.
Түйсіну тітіркендіргіш әрекетінің басталуымен бірдей туындамайды және бірдей жоғалмайды, түйсінудің инерциясы осы салдар мен латентті кезеңде пайда болады.
Түйсінуде бірізділік бар, бірізділік бейнелер екеу: жағымды бірізді бейне - алғашқы тітіркенуге тән, әрекет етуші тітіркендіргіш сапасы сияқты тітіркендіргіштің іздерін, сақтайды; жағымсыз бірізді бейне - әрекет етуші тітіркендіргішке қарсы түйсіну сапасының пайда болуы. Мысалы: жарық-қараңғы, ауыр-жеңіл. Сезгіштіктің екі түрі болады: абсолютті сезгіштік және айыру сезгіштігі.
Түйсінулердің классификациясына тоқталамыз. Түйсіну рецепторға сәйкес физикалық тітіркендіргіштердің әрекеті нәтижесінде пайда болады, онда түйсінудің алғашқы классификациясы рецепторға, сол берілген сапаға немесе «модалдылыққа» байланысты болады.
Түйсінудің негізгі түрлері – тері, тиісу мен қысым, иіс, температура, ауру, сипау, дәм, көру, есту, жағдай мен қозғалыс (статикалық және кинестикалық) және органикалық түйсінулер (ашығу, шөлдеу, жыныстық, ауыру, ішкі органдар түйсінулері). Түйсінудің әртүрлі модалдылығы эволюция процесінде құрылады.
Қазір сезгіштіктің интермодалды түрлері әлі толық зерттелінген жоқ. Мысалы, вибрациялық сезгіштік (тактилді-моторлы сфераны есту сферасымен байланыстырады, генетикалық жоспарда (Ч. Дарвин) сипау түйсінуінен есту түйсінуіне өтпелі формасы болып табылады.
Вибрациялық сезім – қозғалған денеге байланысты шақырылған ауа тербелісіне деген сезгіштік. Оның физиологиялық негізі әлі ашылған жоқ. Кейбір зерттеулер оны терімен емес сүйекпен қарастырады (М.фон Фрей), басқалары оны тактилді-тері түйсінуімен түсіндіреді (В.М. Бехтерев, Л.С. Минор).
Вибрациялық сезім тактилді және есту сезгіштігінің арасындағы аралық, өтпелі форма, ол есту мен көру зақымданғанда қатты жұмыс жасайды.
Тітіркендіргіштердің қасиеті бойынша механикалық сезгіштікке сипап сезу түйсінуі қосылады, кинестетикалық, оған жақыны акустикалық (қатты дененің тербелісімен шарттанған), химиялық оған иіс пен дәм түйсінуін жатқызады, термикалық және оптикалық сезгіштіктер деп бөлінеді. Рецепторлар орналасуы бойынша үшке бөлінеді: интерорецептор, проприорецептор, экстерорецепторлар.
Соған сәйкес интеро-, пропио-, экстерорецептивті сезгіштік деп бөлінеді. Генетикалық жоспарда эксперимент жолымен алынған тағы басқа түрлері бар (Г. Хэд): протопатикалық сезгіштік – неғұрлым көбірек жабайы және аффективті болған сайын, соғұрлым аз дифференциалданады және локализацияланады; эпикритикалық сезгіштік - жұқа дифференциалданған, обьективтіленген және рационалды, осы екінші сезгіштік біріншіні қадағалайды (протопатикалық сезгіштік таламуста, эпикритикалық ми қабықтарында болады).
Сезгіштік проблемасы алғашында психофизиологияда жасалды. Кейін ғана психологиялық сипат алды. Адам психологиясы сезім органдарын емес адамның сезгіштігін зерттейді. Түйсінудің нақты процесі индивидтің индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты – қабылдау, әсерлену, яғни темперамент қасиеттерінен байланысты.
Органикалық түйсіну – рецепторлардың көптеген ішкі органдары ашылып, іс-әрекеті органикалық түйсінумен байланысты болды. Ол рецепторлар Шерингтонның классификациясы бойынша интерорецепторлар категориясына жатады.
Ол механикалық, химиялық, физико-химиялық тітіркендіргіштерді қабылдайды. Әсіресе ашығу мен түйсінуге қатысты мәселелер көп болды. Ашығудың перифериялық теориясына қарсы (ашығу түйсінуі бос асқазанмен байланысты) М. Шифтің теориясы – қанның химиялық құрамының өзгерісі миға беріледі.
Барлық органикалық түйсінулерге ортақ жағдайлар:
1. Органикалық қажеттілікпен байланысты немесе оны «қажеттіліктер түйсінуі» деп атаған (М. Прадинес). Органикалық қажеттіліктердің тууына және оны қанағаттандыруға байланысты, оның динамикасы, әуестенуі, ұмтылуы сияқты кезеңдерге ие;
2. Органикалық түйсінулерде сенсорлық, перцептивті сезгіштік аффективті сезгіштікпен қосылып кетеді. Өткір аффективті тонға ие, бірақ эмоциялық бояғы аз болады;
3. Органикалық түйсінулер қажеттілікті бейнелеп қимыл импульстерімен байланысты болады. Түйсінутүрлері толығымен семинарда талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет