Лекцияның жоспары: Түйсік туралы түсінік, түйсіктің түрлері. Түйсіктің жалпы заңдылықтары



Дата07.02.2022
өлшемі50,88 Kb.
#82408
түріЛекция
Байланысты:
Лекция-1599052110128


5 дәріс. Түйсік
Лекцияның жоспары:

  1. Түйсік туралы түсінік, түйсіктің түрлері.

  2. Түйсіктің жалпы заңдылықтары.

  3. Түйсіктің физиологиялық негіздері.



Негізгі ұғымдар: Түйсік, «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» теориясы, таным табалдырығы, экстерорецептор, проприорецептор, интерорецепторлар, протопотикалық, эпикритикалық, түйсік қарқыны, түйсік сапасы, түйсік ұзақтығы, сезгіштік және түйсік табалдырығы, адаптация, сенсибилизация, синестезия.

1. Түйсік нерв жүйесі бар барлық тіршілік иесіне тән. Адамдарда олар үнемі психикалық үрдіс, қасиет, қалыппен бірлесе көрініс береді.Түйсікті өлшеудің екі әдісі бар: тікелей және қосымша.


Түйсік- материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз,- деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп, болмас тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д.Беркли, Д.Юм, Э.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны- сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр.
Адамның дүние шындығы мен болмысын танып, білуі- диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік –танымның табалдырығы. Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі – талдағыштар арқылы іске асады.
2. Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Орналасуы мен тітіркендіргіштерді алуына қарай рецепторларды үш топқа бөлуге болады: Экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т.б.), проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер), және интерорецепторлар (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді. Экстерорецептік түйсіктер түйсіктердің ең үлкен тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстерорецептік түйсіктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталатын екі бөлікке жіктеледі. Түйісу түйсіктері әсердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мысалы, тері және дәм түйсіктері жатады. Аралық түйсіктер тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа : иіс сезу, есту және көру түйсіктері жатады.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлуге болады: протопотикалық- өте қарапайым, шарпулы (аффекті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); эпикритикалық – жоғары дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Түйсіктердің заңдылықтары екі түрге бөлінеді: түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар; түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар.
3. Түйсіктердің қасиеттері: түйсік сапасы- нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсік қарқыны – түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады. Түйсік ұзақтығы- түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созылыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді.
Сезгіштік және түйсік табалдырығы. Олар айыру табалдырығы- түйсіктердің болар болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айрмасы., яғни рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықтарды түйсіне алуы. Сондай –ақ, абсолюттік сезгіштік- өте нәзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштердің аз ғана шамасы – деп екіге бөлінеді.
Адаптация- латын тілінен аударғанда, икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп, адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі.
Сенсибилизация- латын сөзі, сезгіш деген мағынаны білдіреді. Егер адаптация барысында талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуі байқалса, сенсибилизацияда сезгіштіктің тек артуын көрсетеді.
Синестезия- грек сөзі, қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет