Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-шылық –
ізденістік
Рефлексиялық
– түзетушілік
|
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
«Ақжарқын» атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен амандасып алады,
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Ал, ендеше орындарымызға отырамыз.
Сұрақ-жауап:
-Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Қане, балалар, енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!
Жұмбақ:
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім?
(Отбасы).
– Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын«Менің отбасым» деп атап отырмыз.
«Ғажайып сәт».
– Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің қонағы – «Балапан» телеарнасының кейіпкері – Білгішбек Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр. Кәне, экранға назар аударайық!
Білгіш бала:
— Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым – Білгішбек! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар!
«Ойлан тап» ойыны. Балаларға экраннан отбасы мүшелері суреттрі арқылы кімді көріп тұрғандарын айтады.
(Балалар, көздерімізді жұмамыз… енді көздерімізді ашамыз, экраннан кімді көріп тұрсың?
-мен атаны немесе әжені көріп тұрмын, әрі қарай ойынды жалғастырамыз)
Мұғалім: -Балалар, енді сендерді «Кел, сырласайық» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.
– Бұл фотосуретте кімнің отбасы?
– Бұл – менің отбасым.
– Мынау кім?
– Мынау – менің анам.
– Анаңның аты кім?
– Оның аты – Аня.
– Сен отбасыңмен қайда жүрсің?
– Мен отбасыммен хайуанаттар бағында жүрмін.
– Қандай керемет!Рахмет! – деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.
3.Мұғалім: -Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?
Келесі тапсырма «Кім не істейді?»деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрайды:
Анам тамақ пісіреді.
Әкем кітап оқиды.
Атам теледидар көреді.
Ағам сурет салады.
Інім текшемен ойнайды.
Әпкем сабақ оқиды.
Сергіту сәті. «Отбасы»
Экраннан музыкалық бейне сергіту жаттығуы жіберіледі.
Санамақ.
Отбасы туралы санамақты айтайық.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Жаттығу: «Ә» дыбысының артикуляциясы.
– Балалар, әке, әже деген сөздер қай әріп пен дыбыстан басталады?
Ә әрпі мен дыбысынан басталады.
Ә әрпі қандай дыбыс? (Дауысты дыбыс.)
Ә әрпі келетін қандай сөздер білесіндер? (Әже, әке, әтеш, Әже, т.б.)
Тағы қандай сөздерде ә әрпі бар екенін мына «Сиқырлы кітаптан» көрейік (экраннан ә әрпі туралы мультфильм жүреді).
Дыбыстық жаттығу.
«Жоғалған әріптер». Әріптер магниттік тақтада шашылып жапсырылады. Балаға әже, әкесөздері беріледі. Бала сол сөздің құрамындағы әріптерді тез тауып, сөз құрастыруы керек. Содан соң алақанымызды бір-біріне соғып, шапалақтап сөздерді буынға бөлеміз: ә-ке, ә-же.
8.«Сұлбасын тап» ойыны.Экраннан ата, әже, әке, аналардың суреттері сұлбасымен беріледі. Балалар отбасы мүшелерін сұлбасымен дұрыс сәйкестендіреді және атайды.
Ал, балалар, сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.
Атам менің ақылды,
Әжем менің мейірімді.
Әкем менің қайратты,
Анам менің әдемі.
Мой отец родной – әке,
Мама милая – ана.
Моя бабушка – әже,
Добрый дедушка – ата.
Аталар, әжелер,
Ағалар, әпкелер, (бәрі хормен)
Аналар, балалар,
Әр үйде бар олар.
Білгішбек:
Жарайсыңдар, балапандар! Мен сендердің білімдеріңе риза болып тұрмын. Барлығың да «Білімді балапан» атағына лайықсыңдар. Мен басқа да бүлдіршіндерге баруым керек. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
Сізге көп рахмет, Білімпаз ата, сау болыңыз!
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кімдер туралы айттық?
Не үйрендік?
Сендерге оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
Ендеше, орнымыздан тұрып, топқа барамыз.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.
Балалар жұмбақ шешеді.
Балалар Білгішбекті
тыңдайды.
Балалар флипчарт экран арқылы кімді көріп тұрғанын айтып береді.
Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).
Балалар сурет бойынша отбасында кімнің не істейтінін айтып береді.
Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды, музыкаға сәйкес билейді.
Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына сәйкес саусақтарын бүгіп, қимыл жасайды.
Балалар Ә әрпі бар сөздерді еске түсіріп, сөздерді айтады, мультфильм тамашалайды.
Балалар магнитті тақтадағы шашылған әріптерден сөз құрастырады.Балалар отбасы мүшелерін сұлбасыменсәйкестендіреді (интерактивті қалам қолданылады).
Балалар отбасы туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып береді.
Балалар белсенді хормен,
жеке-жеке қайталайды, сұрақтарға жауап береді.
|