2.3. АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ 2.3. Алаш зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қызметтері сан қырлы. Қазақ ұлтының тарихи санасын көтеру жолында аянбай қызмет етті. Ә. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896 жылы оның Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды. Оның тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды альманахтың 17-ші томына еніп, Санкт-Петерборда жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бұған оның әр жылдары Ресей императорлық география қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінің басылымдарында жарияланған «Из переписки (писем) киргизских ханов, султанов», «Из переписки хана Средней киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан. Ә.Бөкейханов халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ қоғам қайраткері тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петерборда басылып шығуына қол ұшын берді. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Тәржімаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Толстой, А.Чехов, В.Короленко, Д.Мамин-Сибиряктармен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тектес халықтардың әдеби шығармалары бар. Ол көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30-шы жылдары аралығында, КСРО халықтарының орталық баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде жасаған. Бөкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербордағы «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарда жиі шығып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек.
Ә.Бөкейхан 1915 жылы 22 ақпанда «Қазақ» газетіне «Неміс мәдениеті» атты мақала жариялады. Мұнда Германия жұртының Еуропадағы мәдени-тарихи орны мен әлеуетін сараптайды. «Мәдениет ілгері басқан сайын, қала зорайып, қалада табан ақы, маңдай термен күн көрген адам көбейеді. Зор қаладаға адам есебінен мәдениет дәрежесі сыналады» деп жазды.
Адамзаттың жалпы мәдениетін «рухани мәдениет» және «нәрсе затына жалынған мәдениет» (материалдық мәдениет) деп бөліп көрсетіп, «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген қазақтың сөзі бар. Сенің әрбір қадамыңды, әр сөзіңді аңдып отырған билік бар. Жарайды, сендер жалпықазақ съезін шақырасыңдар, онда саясат туралы сөз болмай қоймайды. Соның бәрі биліктің құлағына жетсе, сендердің әр қайсыңды жүргізбейді. Сондықтан бұл әңгімені қоя тұрыңдар. Уақыты келгенде көрерміз» деген.Тарихшы М. Қойгелді «Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалиндердің ұстаған бағытының стратегиялық және тактикалық тұрғыдан дұрыс еместігін уақыт көрсетті»,-деп зерделеген еді.
Әлихан Бөкейхан сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген: «Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билікте солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»,- деген. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.
«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт үстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың құндылықтарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал біз үшін ең үлкен құндылығымыз ол біздің атамекеніміз - қазақ жері, оның асты-үсті байлығы. «Алаш» идеясы сол қазақтың асты-үсті байлығын ұрпаққа жеткізу үшін жасалған идея. «Алаш» зиялылары ондаған жыл бойы осы мақсат үшін күресті. «Алаш» зиялылары қазақ халқының өз мемлекет тәуелсіздігін алу үшін тер төкті. «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөзі содан қалса керек-ті. Мемлекеттігі жоқ халық, қорқақ халық, жалтақ халық деген сөз. «Алаш» зиялылары мемлекет үшін, ұлт үшін күресті. «Алаш» зиялыларының мақсаты қазақ деген халықтың барлық рухани құндылығын, салт-дәстүрін ұрпаққа жеткізу болды.
Алаш зиялылары Еуразия кеңістігіндегі Қазақ Елінің мәртебесі биік болып, әлемдік өркениеттен өзіне тиесілі орынды иеленуі үшін өз өмірлерін арнады.