Тлеугабулов Ерболат 9 «А» сынып Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов Бағыты


Әлиханның ұлы — Үгедей… Сергей Бөкейханов…



бет5/11
Дата08.10.2024
өлшемі70,09 Kb.
#205810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ұлт көсемі - Ә.Бөкейханов

Әлиханның ұлы — Үгедей… Сергей Бөкейханов…


«Алаш қозғалысының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ұлы Үгедей еңбек жолын осыдан 89 жыл бұрын Жезқазған жерінде, Қарсақбай мыс комбинатында бастаған.


Кейбір жазбаларда Үкітай немесе Өкітай деп те аталып жүрген ұлының есімі құжат бойынша Сергей Александрович Бөкейханов екен.
Қаныш Сәтбаев себепкер болған
Асылдың ұрпағының Жезқазған өңіріне келуіне қазақтың айтулы геологы, академик Қаныш Сәтбаев себепкер болған көрінеді.
Дерекке сүйенсек, Сергей Бөкейханов 1930 жылдың басында Ұлытау өңіріне келіп, Қарсақбай комбинатының геологиялық бөлімінде аудандық геолог болып жұмысқа кіріседі. Жезқазғандықтар оны Ақтай деп атапты.
КСРО Ғылым Академиясының Үлкен Алтай және Үлкен Жезқазған проблемаларын талқылауға арналған 1934 жылдың 10-15 қарашасында Мәскеуде өткен ғылыми кеңесінің сессиясында белгілі ғалымдардың қатарында Қаныш Сәтбаевтан кейін Сергей Бөкейхановта бес түрлі тақырып бойынша баяндама жасайды.
Жошының ұрпағы
Бөкейхановтың өмірінің кейінгі жылдары туралы дерек аз көрінеді. Автор бұның бір себебін оның арнайы тапсырмамен жабық әрі мемлекеттік құпия болып саналатын уран кеніштерін ашып, өндірісін басқарғанымен байланыстырады.
Үгедей 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтіпті. Мақалада айтулы тұлғалардың артындағы ұрпақтары туралы да сөз болады.
«Үгедей (Сергейдің) баласы Евгений бүгінде 81-ге қарады, Мәскеуде тұрады. Техника ғылымдарының кандидаты, ақындық қасиеті бар дейді. Алаш көсемі Әлекеңнің ата тегі Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы екенін ел білсе керек.
Евгений мен оның баласы Петр 1992 жылы аталары Әлихан Бөкейхановтың 125 жылдығына байланысты Ақтоғайда ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция мен мерекелік шараларға қатысуға келіпті. Сол сапарында олар Ұлытауға келіп, ұлы бабалары Жошыхан, Алашахан кесенелерінің басына тағзым жасайды. Евгений Бөкейханов «Жошы хан туралы» өлеңін жазып, «Свидание со степью» атты жинағына енгізіпті. Жақсыдан қалған тұяқ қазір сексеннен асқан.
Петр Бөкейханов
Мақалада сонымен қатар, Әлиханның шөбересі саналатын Петр туралы да аз-кем мәлімет келтіріледі. Ол 1970 жылы туған екен. Мәскеудің энергетика институтын бітірген соң ішкі істер органында қызмет істеген, милиция подполковнигі. Заң ғылымдарының кандидаты, «Курская битва» деген көлемді трилогияның авторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет