ҚОРЫТЫНДЫ Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады.
Публицистикасы тақырыбының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған ойларын көптеген мақалаларынан білеміз. Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екі ұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан – ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған.
Отыз жылға жуық мерзім ішінде Ә.Бөкейхановтың шығармашылық жолы қазақ баспасөзінде қалыптасқан, сол арқылы қалың оқырманға жете таныс болған.
Журналист кез-келген материалды – корреспонденциядан бастап ең ақыры өлеңге дейін жаза алуы керек. Ол әдеби деректерді, әсіресе, газеттік әдебиетті білуі қажет.
Ал Ә.Бөкейханов қаламынан туған көркем публицистикалық жанрдың қай-қайсысынан да публицистің жазу техникасын әбден меңгеріп, төселгені, аз сөзге көп мағына, көп жайтты сыйдырып жіберетін шеберлік қыры оның шоқтығын биіктетеді.
Қорыта айтқанда, Ә.Бөкейхановтың публицистикасының басты қасиеттері мынадай: біріншіден, қандай жанрда қалам тербесе де ұлттық идея,ұлттық рухты нысанаға алуы, екіншіден, публицистикасы тақырыбының проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы.
Ә.Бөкейханов публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуіне де зор үлес қосты.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –
деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.