ІІ. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН
ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ деп аталатын екінші тарауда төмендегі екі мәселе
тәжірибеден өтті.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтік- мәдени дамытудың шарттары
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік- мәдени дамуын зерттеу
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтік- мәдени дамытудың әдістемелік
ұсыныстары
Тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің деңгейін диагностикалау үшін біз келесі
психодиагностикалық әдістерді қолдандық.
Адамның әлеуметтік оқшаулану деңгейінің экспресс диагностикасы (Д.
Расселл және М.Фергуссон) (2 қосымша).
« Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау» тест
әдісі (3-қосымша).
Аталған зерттеу нәтижелерін білу мақсатында
біз дипломдық тәжірибеден өтіп жатқан «Островок
знаний» ЖШС балалар орталығының оқушыларының
әлеуметтік даму деңгейлеріне зерттеу жасадық.
«Островок знаний» балалар орталығының басты
қызметі – мектепке даярлау, кеңейтілген білім беру, үй
тапсырмасын орындауға көмек беру, ментальді
арифметика, монтессори, психолог, логопед қызметтері,
қазақ және ағылшын тілдерін жетік меңгертуге
көмектесу, шахмат ойнауды үйрету.
Зерттеуге барлығы 2-3 сынып оқушыларынан
қатысуға ниет білдірген барлығы 12 оқушы қатысты. 5
қыз бала және 7 ер бала.
«Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау» тест
әдісі (3-қосымшада әдістемесі көрсетілген). Мақсат - бастауыш сынып
оқушыларының тәрбиелік деңгейін зерттеу. Оқушыларды 7 санат бойынша
жеке тұлға ретінде бағалау ұсынылады: қызығушылық, оқуға деген көзқарас,
еңбексүйгіштік, табиғатқа, мектепке деген көзқарасы, өмірде керемет, жеке
тұлғаға қатынасы. Бағалау критериі үш балдық жүйе бойынша жүргізілді:
3 - иә;
2 – кейде;
1 - жоқ.
Әрбір сапа (өлшем) үшін бір арифметикалық орташа мән алынды.
Нәтижесінде әр оқушы 7 рейтинг алды.
Достарыңызбен бөлісу: