Тұлға теориясы Л. Хьелл & Д. Зиглер


Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған



бет32/36
Дата12.10.2023
өлшемі5,11 Mb.
#185027
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Тұлға теориясы Зиглер бойынша

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған:
Біріншісі: «клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу.
 Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады. 
Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі – ол индивидтің тұтастығы.
 Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды – ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар. Творчествролық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән. Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.
«ГУМАНИСТІК ПСИХОЛОГИЯ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ӨЗЕГІ: АДАМ ӨЗ БОЙЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАЛАНҒАН, ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІНІНІҢ БӘРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ ТИІС»

 .


Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. 
Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
  • әрбір адам қайталанбас тұлға;
  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет