Кіріспе Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, жаңа
әдістер ретінде психологиялық жаттығуларды қолдану оқыту
үдерісінде мұғаліммен тренердің өзара әрекеттестігі ауысады:
тренердің белсенділігі тыңдаушының белсенділігіне орын береді,
ал тренердің тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай
жасаушы болады.
Үшінші (базалық) деңгейлік курстарын өткізу барысында топ
ішінде ынтамақтастық амосферасын құру және белгілі бір
ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі
шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада
өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызу
үшін психологиялық тренингтер жиі өткізіледі.
Тренерлік тәжірибемізде тренингтік жаттығулар кейбір
жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқаратынын
түсіндік. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде
және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып
және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну
динамикасына ықпал жасайды.
Жалпы осы жинақтағы психологиялық жаттығулар интернет
және әр түрлі білім көздерінен жинақталды. Осы жаттығуларды
қолдану бағдарламадағы модульдер бойынша тапсырмаларды
орындау барысында да көмегі болады деп сенеміз.