ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет6/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

 
 
 
 
 
 
 



 
Тақырыбы:
 
МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН
 
 
  Мақсаты: 
«Бақыт», 
қуаныш, 
сүйіспеншілік 
құндылықтарының мағынасын түсіндіру.  
  Міндеттері: 
адами  қасиеттерін  дамыту;  сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу;бақыт құндылығының мазмұнын ашу; 
  Көрнекі  құралдар:
  айна,  фломастерлер,  ақ  парақтар,  жер 
шары суреті,қима суреттер, жүрек шамы  
  Шаттық шеңбері:
 -  Балалар, біз өзіміздің дәстүрлі  шаттық 
шеңберіне  жиналдық.  Біздің  шеңберіміз  қандай  тамаша!  Бізді 
дотық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.  
Қайырлы таң достым!  
Қайырлы күн болсын!  
Күніміз жарық болсын!  
Аспанымыз ашық болсын!  
Амансыз ба қонақтар,  
Амансыз ба әлем  
Баршаңызға амандық сәлем!  
Ойын
.  –  Балалар,  енді  мен  сендерді  бір-бірлеріңнің  көңіл-
күйлеріңді көтеруге шақырамын.  
Алақан- алақанға 
Иық-иыққа 
Мұрын- мұрынға 
Арқа-арқаға 
Құлақ-құлаққа  
- Жақсы, рахмет балалар! Барлығымыз жайғасып отырайық.  
Релаксация. 
Бүгін  мен  сиқыршымын.  Қазір  біз  ғажайып 
әлемге саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген 
кезде сапарымыз басталады. 1,2,3  
Көздеріңді жұмуға болады ( баяу музыка). 
Сендер  ғажайып  Бақыт  әлеміне  келдіңдер.  Жан-жақтарыңа 
қараңдаршы,  қандай  керемет.  Айнала  жұпар  иісі  аңқыған  әсем 
гүлдерге  толы.  Сендердің  көңіл-күйлерің  өте  жақсы,  жүздерің 
күліп,  тамаша  сезімге  бөленіп  жатырсыңдар.Алдарыңнан  Бақыт 
періштесі  шығып,менің  әлеміме  қош  келдіңдер,  балақайлар! 
Сендер өте ерекше баласыңдар. Қане, алақандарыңды жайыңдар, 
мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын.  


10 
 
Бұл  сәулені  мәңгәләк  жүректеріңе  сақтаңдар.  Өйткені  ол 
сендерге  қуаныш  пен  бақыт  әкеледі.  Бақытты  болыңдар! 
Көздеріңді ашыңдар.  
Әңгімелесу. 
 
- Не көрдіңдер?  
- Не сезіндіңдер?  
- Не ұнады?  
(Балалардың ой- пікірлері тыңдалады) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет