8
қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған
психологиялық тренингтер кезінде білімгерлердің қарым-
қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және
басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне
кіреді. Әрбір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын
қадағалайды. Ең бастысы - басқаларға өзінің ойы мен сезімін,
уайымы мен күдіктенуін сездіруден қорықпайды.
Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін
ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның
қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды
енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға
қалыптасуының
жетекші
құралы
екендігіне
толық
сенімдеміз.Психологиялық тренинг - арнайы ұйымдастырылған
қарым-қатынас формасы. Кезкелген тұлғаның жаңа ортаға
бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас
орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және т. б. жағдайлары кейде
айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да
байланысты әсер етеді.
Тренинг барысында педагогтардың біріккен іс-әрекеті, әркім
өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді
білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу
жүргізіледі.
Жаңа әдістерді пайдалану кезінде педагогтар түсіну үдерісіне
толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу
танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады.
Сондықтан ең алғашқы кездесуде «
Танысу
» тренингін
жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы
жаттығу
болғандықтан,
қатысушыларды
жұмысқа
жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет.
Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз
береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес,
сөзі арқылы да есте сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: