ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет5/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
Тренинг және оны қолдану туралы түсінік 
 
Тренинг  -  білімді  дамыту  немесе  адамды  оқытуда 
жоспарланған  жағдайға  жүйелі  күш  салу  арқылы  орындау. 
Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет 
түрлерін  нәтижелі  орындауынан  білім  мен  дағдыны  меңгеру 
мүмкіншілігіне бағытталады. 
Тренинг  барысында  мынандай  жағдайларға  да  дайын  болуы 
тиіс,  олар:  ыза,  қатты  дауыс,  дөрекілік,  өзімшілдік, 
қатыспаушылық,  қажетсіз  күлкі,  ынтасыздық,  шыдамсыздық 
немесе  «сөзге  керісу»,  қажетсіз  сөзге  араласу;  тыныштық, 
селсоқтық; қылжақтық және т.б. 
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші 
мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді: 

 
жеке тұлғаны дамыту; 

 
қатысушылардың 
әлеуметтік 

психологиялық 
компетентілігін, білімін көтеру; 

 
қатысушылардың  белсенді  әлеуметтік  позициясын 
көтеру, қалыптастыру; 

 
өзінің  және  қоршаған  адамдардың  өмірінде  маңызды 
өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту; 

 
өзін-өзі және басқаларды толық тану; 

 
жеке  тұлға  құндылықтарын  ашу,  білімдерін  көтеру, 
бәсекелестікті 
жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке 
қатысқаннан  кейін  тұлғалардың  қарым-қатынас  барысында 
өздерін  ұстауы,  жүріс-тұрысының  өзгергендігін,  сөйлеу  мәнері 
мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады. 
Психологиялық  тренингті  ұйымдастыру  ерекшеліктері 
туралы тоқталып өтейік.  
Кез-келген  практик  тренер    өз  қызмет  жолында 
психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр 
түрлі  тақырыптарды  қамтиды.  Психологиялық  тренинг  қалай 
ұйымдастырылады  және  жүргізілу  барысы  туралы  сөз  алдында, 
«тренинг»  ұғымын  толық  ашып  алу  қажет.  Тренингтің  үйрену, 
білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау. 
Үйрену  -  зерттеу  немесе  нұсқаушының  білім,  дағды  және 
тәжірибе жинау үрдісі. 



 
Білім  беру  немесе  оқыту  тар  көлемді  әрекеттегі  мәселені 
талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі 
меңгеру үрдісі. 
Дамыту  -  жеке  адамда  саналы  және  бейсаналы  үйрену 
мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі. 
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі - өзінің жеке 
даралық  қасиеттері  арқылы  тұлғаның  өзін-өзі  ашуына  көмек 
береді.  
Ал,  ол  үшін  ең  бастапқы  жағдайда  адам  өзін  жеке  тұлға 
ретінде  қабылдап  және  түсіне  білуге  үйренуі  қажет. 
Тренингтердің  жағымды  нәтижелі  болуына  жаттықтырушыға 
бірнеше талаптар қойылады: 

 
қоршаған жағдай туралы мағлұмат; 

 
қатысушылар саны қаншалықты үлкен; 

 
бөлме көлемі қандай; 

 
бөлме 
жаңғырығы, 
акустикасы 
қатысушыларға 
түгелдей естіледі ме; 

 
жаттығудың негізгі құрылымы қандай; 

 
қандай оқу құралдары қолданылмайды; 

 
жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады; 

 
плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма; 

 
орындықтар қалай орналасқан; 

 
бөлмеде сағат болу қажет пе; 
Тренердің  қолайлы  нәтиже  алу  мен  ықпал  ету  қабілетін 
орнату  үшін  жүргізілетін  тренингтің  жалпы  мақсаты  төмендегі 
міндеттерді шешеді: 
-
 
білімдерді толық меңгеру; 
-
 
жаңаны  үйрену  мен  тапсырманы  орындау  барысында  және 
топтық 
қарым-қатынас 
өрісінде 
ептілік 
пен 
дағдыны 
қалыптастыру; 
-
 
табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту; 
-
 
өзін-өзі  және  басқа  адамдарды  танудың  толық  және  тепе-
теңдік мүмкіндіктерін дамыту. 
Әрбір  бөлімнің  құрылымында  біз  материалды  зерттейтін 
ортақ  игеру  логикасын  және  тұлғалардың  өзіндік  бақылауы  мен 
бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды: 

 
Мен қандаймын? 

 
Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек? 



 

 
Менде  жоқ  қасиеттерді  мен  қалай  дамытуым  және 
икемдеуім керек? 
Қатысушылармен 
жүргізілетін 
дамыту-түзету 
жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді: 
Кіріспе  бөлімі.
 
Оның  басты  мақсаты  -  қатысушыларды 
тапсырмалармен  жұмыс  түрімен,  топтың  бірігуімен,  ондағы 
жағымды  атмосферамен,  жеке  анализдың  алғашқы  түрін 
қалыптастыру  және  өзін-өзі  оқу  барысында  субъект  ретінде 
тануын қалыптастыру. 
«Танымдық үрдісі» бөлімі.
 Оның мақсаты - есте сақтау, зейін, 
ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен 
психологиялық 
тапсырмалар 
арқылы 
осы 
танымдық 
белсенділіктің 
дамуына, 
шығармашылық 
қабілеттің 
қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі. 
«Назар  аудару»  бөлімі.
 
Бұл  бөлімде  қатысушылардың 
назарын  ортақ  мәселені  бірге  шешуге,  бірін  -  бірі  қабылдау  мен 
тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру. 
Тұлғаның  жаңа  ортаға  енуі,  құрбыларымен  дұрыс  қарым-
қатынас 
жасай 
алуы 
дұрыс  ұйымдастырылған 
топтық 
жұмыстарға байланысты. 
Тренинг мақсаты-  педагогты  нақты тапсырманы орындауға 
қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету.  
Тренингте  өзгеріс,  нәтиже  бірден  көрінеді.  Осы  міндеттерді 
шешу  кезінде  ұйымдастырылатын  тренинг  теңдігі  түрлері  де 
ерекшеленеді.  Рольдік  тренинг,  бейнетренинг,  қарым-қатынас 
тренингі,  іскерлік  қарым-қатынас  тренингі,  мәдениетаралық 
өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер 
мен  қиындықтарды  түзету,  өзін-өзі  шығармашылық  тұрғыда 
дамытуға,  тұлғаның  әлеуметтік  ортада  өзіндік  реттелуіне 
мүмкіндік  болатын  қажетті  жағдайды  туғызуға  көмектеседі. 
Трениг принципіне жататындар: 
1. Белсенділік принципі. 
2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип. 
3. Мінез-құлық обьективтілік принципі. 
4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі. 
5. Шындық принципі. 
6. Қазір, осы жерде принципі. 
Тренинг  барысында  жеке  бастың  дамуы  туралы  мәселелер 
нәтижелі  шешіледі  және  коммуникативті  дағдылар  жемісті 



 
қалыптастырылады.  Сабақ,  оқу  процесінде  ұйымдастырылған 
психологиялық  тренингтер  кезінде  білімгерлердің  қарым-
қатынастары  жақсарады,  өздерін  белсенді  қатысушы  және 
басқаларға  әсер  етуші  жағдайда  сезінеді,  топтың  толық  сеніміне 
кіреді.  Әрбір  бастаған  іс-әрекеттінің  толық  аяқталуын 
қадағалайды.  Ең  бастысы  -  басқаларға  өзінің  ойы  мен  сезімін, 
уайымы мен күдіктенуін сездіруден  қорықпайды.  
Тренинг  арқылы  жақын  адамдардың  адамдық  қасиеттерін 
ашып,  бағалауға  көмек  беріледі,  сөйлеу  мәдениетін,  тұлғаның 
қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды 
енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға 
қалыптасуының 
жетекші 
құралы 
екендігіне 
толық 
сенімдеміз.Психологиялық  тренинг  -  арнайы  ұйымдастырылған 
қарым-қатынас  формасы.  Кезкелген  тұлғаның  жаңа  ортаға 
бейімделуі,  құрбылар  арасында  үйлесімді  қарым-қатынас 
орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және т. б. жағдайлары кейде 
айналасындағылар  тарапынан  ұйымдастырылған  әрекеттерге  да 
байланысты әсер етеді.  
Тренинг барысында педагогтардың біріккен іс-әрекеті, әркім 
өзінің  жеке-дара  үлесін  қосатын,  оқу  материалдарын  меңгеруді 
білдіреді,  білімдерін,  идеяларын,  іс-әрекет  тәсілдерін  алмасу 
жүргізіледі. 
Жаңа әдістерді пайдалану кезінде педагогтар түсіну үдерісіне 
толыққанды  қатысушылар  болады,  оның  тәжірибесі  оқу 
танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. 
Сондықтан  ең  алғашқы  кездесуде  «
Танысу
»  тренингін 
жүргізуге  болады.  Бұл  тренингтерде  қолданылатын  ең  бастапқы 
жаттығу 
болғандықтан, 
қатысушыларды 
жұмысқа 
жауаптылықпен  қарым-қатынас  жасауға  жұмылдыру  қажет. 
Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз 
береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, 
сөзі арқылы да есте сақтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет