Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. « Қарым-қатынас » түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі ( коммуникативтік қызмет ), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник « Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес » деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты » деп жазған.
Тұлға аралық және бетпе бет қарым- қатынас- ең негізгі деңгейі қолжетімді ақпаратпен байытылу жолы және бір адам немесе бірнеше адамдардың арасындағы ақпаратпен алмасу болып табылады.Тұлға аралық қарым- қатынас тура немесе сол мезеттілік үрдіс.Тұлға аралық қарым- қатынас тәртібін өзгертуде жаңа тәжірбиелік қарым қатынаста маңызды сәт болып табылады . Тұлға аралық қарым- қатынас адамдармен қатысты барлық жерде пайдаланылады , алға қойған мақсатқа жетуде, жақсы дағдылар болып табылады. Бұл- бетпе бет ,вербальді, вербальді емес ақпарат алмасу, адамдар арасындағы немесе топтағы пікір алмасу болып табылады . Тұлға аралық қарым - қатынасқа мотивация, оқыту, ,кеңес беру кіреді.