Тұлғааралық коммуникация – бірнеше адамдар арасындағы тілдік, тілдік емес құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттестік, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында психологиялық контакт және белгілі бір қатынас орнайды.
Тұлғааралық коммуникация қызметі немесе функциялары: Қарым-қатынастық функция – ақпарат алмасу үшін, ақпарат қабылдау үшін қарым-қатынас, контакт орнату Ақпараттық – хабар, ой, шешім, пікір алмасу. Қозғаушы, түрткі болатын функциясы – белгілі бір әрекет жасауға деген партнердің стимуляциясы Үйлесімділік – бірлескен әрекетті ұйымдастыруда өзара келісім мен түсіністік Түсінісу – көңіл-күйді, абыржуды, ниетті адекватты түрде дұрыс қабылдау Эмотивті – серіктесте керекті эмоциялық күй ояту, сонымен қоса абыржуды өзгерту Қарым-қатынас орнату – индивид әрекет ететін рөлдік, дәрежелік, іскерлік жүйеде өз орнын түсіну. Әсер ету – серіктестің жеке ойлау құрылымында күйді, қылықты өзгерту.