Неміс психологы К.Левин педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдерін анықтайды:
Авторитарлық стиль қатаң басқару тенденциясы мен бақылау формасымен анықталады. Мұнда бұйрық беру жолы көп қолданылады.
Немқұрайлылық стилі. Оқу-тәрбие процесінде болып жатқан құбылыстардан, жауапкершіліктен өз басын алып қашу.
Демократиялық стильде ең бірінші орында фактілер бағаланады.
Бірлескен шығармашылық әрекетке қызығушылық негізіндегі қарым-қатынас стилі. Аталмыш стиль педагогьың жоғары кәсіби шеберлігі және оның этикалық ұстанымдарының бірлігі негізінде жүзеге асады.
Қашықтықтағы қарым-қатынас стилі. Бұл стильді қолданатындар әрі тәжірибелі мұғалімдер арасында, әрі жас мұғалімдер арасында да кездеседі.
Қорқыту стилі – бұл қашықтықтан қарым-қатынасқа түсудің ең тығырыққа тірелген формасы. Стильді көбінесе бірлескен шығармашылық әрекетке екінші субъект тарапынан нәтиже, тіпті қызығушылық тудыра алмаған жағдайда қолданылады.
Ойнақы қалжыңға бағытталған қарым-қатынас стилі – педагогикалық қарым-қатынасты нәтижелі ұйымдастыра алмаған тәжірибесіз педагогтарға тән.