Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34751
1   2   3   4   5

         Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды. Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып  табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға түсініксіз. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауғаөз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор

кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері

мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен,

зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты жетілдіре тәрбиелеудеауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді

Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер ,әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек. Жүсіп Баласағұнидің “ Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.

Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында  кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр  қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған, Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы -  оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Балалардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі.  Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады. К.Д. Ушинский: “… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде  табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген. Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады.  Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді. Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады. Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті  өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы  адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын



Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.




Қортынды

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін  ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады. Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік  жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді. Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген  түсінікті  аз сөзбен ғана беріп отырады.Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді  көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Ертегі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер 


Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы, 

«Жазушы» 1975ж. 135-1846. 
Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер.
«Жазушы» 1979ж. 112-1466. 
Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж, 
221-2276. 
Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж. 
145-2016. 
Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 
1991ж. 3-376. 
Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы 
«Мектеп» 1969ж. 77-796. 
Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж. 
143-2016. 
«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның
әдебиеті 2003ж. 34-536. 
9. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап
10. Қазақ халық 
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары»
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, 
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие
15. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы
16. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп»
17. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж.
18. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу
19. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.
20. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
22. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта
23. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің
24. Ұлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.



Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.



Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.

Балалар шеңбер құрады.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қуанатын күн бүгін,

Сәлеметсіздер ме апайлар!



Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін

дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:


  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

  1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

  1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

  1. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/



  1. Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

  1. Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?



Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа

келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?



Балалар: «Қолғап»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

 

Тышқан:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.



Бақа:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.       



Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Аю:

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.



Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.



Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?



Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.



Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.



Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Қолғапқа қабан келеді.

Қолғапта кім тұрады?



Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

     Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

     Аю: Қолғапта кім тұрады?



Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.



Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: мұнда орын жоқ!

     Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

     Аю: Қолғапқа кіреді.



Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады.

Ит әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді.

Қолғапты алып кетеді.

Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.

Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге

үй-баспана құрастырайық.

 

Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.



Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар

Жігіт сұлтаны

 

1 сынып оқушылары



Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
            Береке де осында,
            Мереке де осында.
            Болып жатыр той-думан,
            Қырандардың қасында, - дей келе, «Жігіт сұлтаны»    сайысын ашық деп жариялаймыз.
            Асқақтаған ән дайын,
            Күмбірлеген күй дайын
            Ал, кәнеки, қырандар!
            Бастап жігіт өнерін,
            Алыстарға самғаңдар, - деп,  сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық (сайыскерлердің есімін атап, ортаға шақырамын).
Сайысымыздың жоспарымен таныстырамын.

І кезең – Таныстыру.


ІІ кезең – «Өнерлінің өрісі кең» (жігіттеріміз ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді).
ІІІ кезең – «Мәнерлеп оқу» сайысы.
IV кезең – «Шынықсаң шымыр боларсың» (спорттық ойын түрлерінің элементтерін көрсету).
V кезең – Шығармашылық сайысы (сурет салу және жапсыру).
Жүргізуші: 
            Келді міне, бүгінгі сын алуға,
            Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
            Салты бар өнерлі осы ортада,
            Берер деп әділқазы әділ баға.
(Әділқазылармен таныстырамын).

Жүргізуші:


І. Беташарын сайысымыздың бастайық,
   Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
   Сайыскерлер таныстырып өздерін,
   Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

1-ші нөмірлі


            Спорт пен білім жағын бір қосқан,
            Кем қалмаған талантпен табысқан
            Ерасыл қыранымызды ортаға шақырамыз.

2-ші нөмірлі:


            Үлкендерді сыйлайтын,
            Айтқаныңнан шықпайтын
             Денисті ортаға шақырамыз.

3-ші нөмірлі


            Жүрегі ақ, тілегі пәк
            Нұрлыбек ұлымызды ортаға шақырамыз.

4-ші нөмірлі


            Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
            Тобымызда өнерімен болған сыйлы
            Қуаныш ұлымызды ортаға шақырамыз.

5-ші нөмірлі:


            Еңбек сүйгіш таудай талант бойында,
            Барлық істі тыңдау бар ойында
            Әбілмансұр ұлымызды ортаға шақырамыз.

6-шы нөмірлі:


            Біледі ол жақсы менен жаманды,
            Қошеметпен шақырайық ортаға
            Әбдінұр атты жігіт болған сарбазды.

Жүргізуші:


ІІ. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
    Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
    «Өнерлінің өрісі кең» байқауында
    Қол соғып барша халқым тамсаныпты.

1.    Ерасыл «Қара жорға» биін билейді


2.    Денистің орындауында «Моряк биі»
3.    Нұрлыбектің орындауында «Туған жер» әні
4.    Қуаныш орыс халқының биін билейді
5.    Әбілмансұр «Джентельмен» биін билейді
6.    Әбдінұрдың орындауында «өзбек биі !»

Жүргізуші:


            Той пердесін ашайық,
            Тойға шашу шашайық.
            Қонақтарды құрметтеп,
            Би қимылын жасайық.
Келесі кезекте 1 сынып қыздарының «Әдемі ай» (Айгерім Қалаубаева) биін тамашалайық.

Жүргізуші:


            Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
            Қиыннан қиыстырар ер данасы:
            Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
            Теп-тегіс жұмыр келер айналасы.
Келесі кезеңіміз «Мәнерлеп оқу» сайысы.
Аружан қызымыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:


IV. Ер өнері білінбес,
      Қоян қолтық алыспай
      Күш өнері білінбес, - дегендей, сайысымыздың келесі шарты «Шынықсаң шымыр боларсың». Жігіттерімізді ортаға шақырамыз (музыкамен ұлдар ортаға шығып, спорттық өнерлерін көрсетеді).

Жүргізуші:


Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
1 сынып  оқушыларының  орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:


V. Келесі кезекте балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін нықтау мақсатымен шығармашылық сайыс (ұлдарымыз киіз үйдің суретін салып әшекейлейді).
    Жігіттеріміз жұмыстарын аяқтағанша Нұрасима, Альмира, Әсем қыздарымыздың «Шығыс биін» тамашалаңыздар.

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.


            Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,
            Жоғары болып күш-жігер намысымыз.
            Осылайша қуанышпен думандатып,
            Аяқталды халайық сайысымыз.
Сау саламатта болыңыздар!    

Жігіт сұлтаны

 

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»


Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.

Байқау барысы.


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады
1 – жүргізуші:
Құрметті  оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтпекші.

2 – жүргізуші:


Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:


Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар! 

2 – жүргізуші:


«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1
2. 
3. 
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.


ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Құралайды көзге атқан»  мергендігін сынау  сайысы.
ІV бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.

2 – жүргізуші:


Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:


Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Өзін таныстыру
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Өз өнерін көрсету
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. 
Сұрақ-жауап сайысы
2 – жүргізуші:
Би болатын Жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар Жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. 

Мерген
2 – жүргізуші:


Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, «Қаражорға» биін билейік.

1 – жүргізуші:


Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 – жүргізуші:


«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
 9.«Батыр жігіт»
10. «Биші жігіт»
11. «Әнші жігіт»

1– жүргізуші:


Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет