Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақ №8 Практикалық сабақ тақырыбы: «Өрнектердің түрлері, оларды құру, оқу, жазу, мәнін табу, салыстыру» тақырыптарына ҚМЖ құрастыру



бет72/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақ №8 Практикалық сабақ тақырыбы: «Өрнектердің түрлері, оларды құру, оқу, жазу, мәнін табу, салыстыру» тақырыптарына ҚМЖ құрастыру
Мақсаты: Әріпті және санды өрнектер тақырыптарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу және сәйкесінше тапсырмалар дайындауды, белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау.
Тапсырмалар: 1. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды зерделеу;
2. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу
3. Сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындау
4. Оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне сәйкес сұрақтар даярлау
5. Белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау
Әдістемелік нұсқау: Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты анықталады және сәйкесінше сабақ мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады. Қойылған мақсат жүзеге асырылуы үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен сұрақтар дайындалады.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, ойлан-жұптас-бөліс, пікірталас.
Бағалау критерийлері: 1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін ескеріп саралап көрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді және өз тәжірибесіне енгізе алады.
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді.
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, өз тәжірибесінде проблемалық сұрақтарды қолдана алады.
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады;
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады.
Практикалық сабақ №9 Практикалық сабақ тақырыбы: «Үлес және бөлшек» тақырыбы бойынша ҚМЖ құрастыру
Мақсаты: Үлес және бөлшек ұғымын оқыту әдістемесін меңгерту және санның үлесін және үлесі бойынша санды табуға берілген тапсырмалар дайындау, белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау.
Тапсырмалар: 1. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды зерделеу;
2. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу
3. Сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындау
4. Оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне сәйкес сұрақтар даярлау
5. Белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау
Әдістемелік нұсқау: Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты анықталады және сәйкесінше сабақ мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады. Қойылған мақсат жүзеге асырылуы үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен сұрақтар дайындалады.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, пікірталас, зерттеушілік әңгіме
Бағалау критерийлері: 1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін ескеріп саралап көрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді. Өз тәжірибесіне енгізе алады.
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді.
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, өз тәжірибесінде проблемалық сұрақтарды қолдана алады;
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады;
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет