ОҚУ БАҒДАРАМАСЫ
TMOMNSH 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-2»
Білім беру бағдарламасы: 6В01303 –«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) – БеП/ТК
Кредит саны – 5
Жалпы cағат саны – 150 сағат
лекциялар – 30 сағат
практикалық – 15 сағат
БАОӨЖ – 10 сағат
БАӨЖ – 95 сағ
Қызылорда, 2022
Даярлаған: Сейлова Зоя Төлеубайқызы-п.ғ.к., аға оқытушы
Оқу бағдарламасы «Педагогика және психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының отырысында қаралды.
№10 хаттама, «23» мамыр, 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Ж.Бекжанова
Оқу бағдарламасы гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша Академиялық кеңес отырысында мақұлданды.
№10 хаттама, «25» мамыр, 2022 ж.
Кеңес төрайымы ________________Ж.М.Майгельдиева
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы
мен әдістемесі-1
5 несие
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда («Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) оқыту процесін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс- әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап көрсетілуі жайдан жай емес. Өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеу ішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Мақсаты: болашақ мұғалімдерге математиканы оқытуға қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлық беру және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |