Курстың міндеттері: - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы кәсіби білім және біліктермен қаруландыру;
- әдістемелік ғылымның зерттеу нысаны, пәні, міндеттері және әдістері, сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту теориясы және тәжірибесінің үрдістері мен бағыттары туралы түсінік беру;
- бастауыш мектептің математика курсын құрайтын негізгі түсініктер мен әрекет тәсілдерінің мазмұны туралы ғылыми түсінік қалыптастыру;
- жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек: - сабаққа дайындалу және оны жоспарлаудың теориялық негіздерін;
- оқыту процесін ұйымдастырудың формаларын;
- математика сабағына дайындалу мен оны жоспарлауды;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- алған теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетте іске асыра алады;
- жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Игерілетін дағдылар: - өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты дағдылар;
- жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруға қажетті дағдылар; - оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдана білу дағдылары.
Пәннің пререквизиттері: Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1 пәнін игеру үшін «Педагогика», «Психология», «Математиканың бастауыш курс негіздері», «критериалды оқыту технологиясы» пәндерін оқып үйрену барысында қалыптасатын білім, білік және іс-әрекет түрлерін қолданады.