Пәннің постреквизиттері: Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1 пәні осы пәнмен байланысты таңдау пәндерін ілгеріде оқыту, педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу кезінде біліктер мен дағдыларды игеру үшін қажет болатын ғылыми әдістемелік және кәсіби технологиялық негіз болып табылады.
2 КІРІСПЕ
Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ екендігін бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменский данышпандықпен дәлелдеді. Ал, сабақтың нәтижелі және сапалы болуы оны ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың бағдарламалық материал-дарды толық игеруіне қол жеткізу үшін, мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы және оны дұрыс жоспарлай білуі керек.
Пән бағдарламасының мазмұны дәрістік және тәжірибелік сабақтарда оқып игеруге лайықталып, тараулар және тақырыптар бойынша даярланған. Тақырыптарды оқып үйрену мен олардың мазмұндық реттелуін «Педагогика және психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы қадағалайды. Қажетіне қарай пән бағдарламасына бастауыш математиканың жекеленген тараулары қосылып, сәйкесінше, университеттің кеңесі бекіткен арнайы курстар сағатына кірмейтін кейбір тараулары қысқартылады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1 пәні дәрістерінде, қажетті ақпараттарды барынша қамтуға тиісті тараулар мен тақырыптар бекітілді. Бұл тараулар пән және оқылатын мазмұн туралы түсінікті барынша қамтиды. Сонымен қатар дәрістік сабақтарда, аталмыш ғылымды дамытуға ғалымдардың қосқан үлесі және оның заманауи даму перспективалары туралы айтылады.
Тәжірибелік сабақтарда студенттер сабақ жоспарларын даярлау әдістері мен тәсілдерін оқып-үйренеді, сонымен қатар теориялық сұрақтардың практикалық қолданыстары туралы түсінік алады.
3.ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
«Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1» пәнінің теориялық курсы келесі тарауларды қамтиды:
№ 1 модуль. Бастауыш сынып математикасының мазмұны.
1. Бастауыш сыныптардың математика пәні оқулықтары және ондағы оқу материалдарын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау
2. Жаңа материалды оқытуға дайындық кезіндеоқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
3. Жаңа ұғым және әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
4. Білім, білік және дағдыларды бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
5. Оқыту нәтижелерін тексерумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
6. Есеп шығаруға үйретуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
7. Математика пәнінен оқу жылының ІІ-тоқсанында оқытылатын оқу материалдарын дәрістік жоспарлау
№ 2 модуль. Математика сабағының жоспары. Сыныптан тыс жұмыстар және оларды ұйымдастыру.
8. Математика сабағының жоспары және оған қойылатын әдістемелік талаптар.
9. Бастауыш мектептің математика сабақтарына көрнекі, оқытудың техникалық құралдарын дайындау және пайдалану.
10. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.
11. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына қатысу және оларды талдау
12. Бастауыш мектепте математика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оларды ұйымдастыру.
13. Бастауыш мектептің сынып кабинеті және оны жабдықтау.
14. «Бастауыш мектеп», «Начальная школа», «Начальная школа в Казахстане», «Ашық сабақ» т.б. журналдарындағы әдістемелік басылымдарға шолу.
15. Педагогикалық практикаға дайындау, талдау және қорыту
Достарыңызбен бөлісу: |