Тәжірибелік сабақтарда қарастыратын тақырыптар 1. «Математика-1», «Математика-2», «Математика-3», «Математика- 4» оқулықтарына талдау жасау.
2. Оқушыларды сандар нумерациясын оқытуға дайындау.
3. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін оқыту 4. Білім, білік, дағдыны бекітуге байланысты студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Математикадан бақылау жұмыстарын жүргізу және талдау.
6. Оқушылармен мәтінді есептер шығаруға студенттерді үйрету.
7. Математикалық білім берудің нормативтік құжаттары.1-4 сыныптарға оқу материалдарының жоспарларын, сабаққа дайындалу, жоспарлау схемаларымен танысу.
8. Әр түрлі типтегі сабақ жоспарының үлгілерін даярлау.
9. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда қолданылатын көрнекіліктердің әдістемелік функцияларын еске түсіру; дидактикалық материалдарды, техникалық оқыту құралдарын дайындау мен пайдалану әдістерімен таныстыру.
10. Студенттердің курстық жұмысты дайындап, қорғау іскерліктерін қалыптастыру, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.11. Сабақты және өзін-өзі талдау, жазбаша және ауызша жұмыстарды бағалау нормалары мен үлгілері.
12. 1-4 сыныптарда өтілетін үйірме отырыстарының материалдарына талдау жүргізу.
13. Бастауыш мектеп сыныптарының жұмыстарын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
14. Студенттерді республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журналдарда жарияланған әдістемелік мақалаларды оқып, талдауға, өздерінің ғылыми жұмыстарында пайдалануға баулу.
15. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары, сабаққа дайындалу мен жоспарлау схемалары және сабақ барысында пайдаланылатындай нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспары.
СӨЖ-ге ұсынылатын тақырыптар тізбесі 1. Даралап оқыту құралдарына сипаттама.
2. Оқушыларды жазбаша есептеуге даярлау.
3. Алгебра және геометрия элементерімен таныстыру сабақтарын ұйымдастыру.
4. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары
5. Математикалық білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тестілер топтамасын даярлау.
6. Мәтінді есептер шығарудың үлгілері.
7. Математикадан күнтізбелік жоспарлардың үлгілерін даярлау
8. 1-4 сыныпта өтілетін сабақтардың сабақ жоспарының үлгілерін даярлау.
9. Көрнекі құралдарды жасау үлгілері.
10. Курстық жұмыс үлгілерін даярлау.
11. Сабақты жан-жақты талдаудың үлгісін даярлау.
12. 1-4 сыныптарда өтілетін математикалық кештер сценарий үлгілері.
13. Бастауыш мектеп сыныптарының жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажетті материалдар
14. Бөлу. «Есе артық» және «есе кем» қатынастары. Қосындыны санға, санды көбейтіндіге бөлу, санды екі санның бөліндісіне көбейту.
15. Сабақты, сабақтан тыс жұмыстарды және өзін-өзі жан-жақты талдаудың үлгі схемасы.