Сүйектің беріктігі - оның екі қасиетіне : қаттылығына және серпімділігіне байланысты.
Бейорганикалық заттар (Са, Р, тұздары) сүйекке қаттылық береді.
Органикалық заттар, әсіресе оссеин – серпімділік (майысқақтық) береді.
Қаттылығы бойынша жез және шойын тәрізді.
Беріктілігі бойынша темір,мыс, гранит тектес және кірпіштен 3 есе берік.
Сүйектің құрылысы
Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін).
Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі:
а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты – substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады);