АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АҚТҚ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе АҚТҚ-мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖҚТБ диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады. ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. АҚТҚ - ЖҚТБ-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұқпалану мүмкін емес.

ЖҚТБ-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖҚТБ туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖҚТБ термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖҚТБ ресми түрде ауру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖҚТБ-ның таралыуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖҚТБ-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.