Тобы: бб-п-18 Орындаған: Дутбай Ақнұр Уақыты: 01



Дата10.06.2020
өлшемі17,29 Kb.
#72871
Байланысты:
Дутбай Ақнұр практика1


Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-18

Орындаған:Дутбай Ақнұр

Уақыты:01.05.20

Қайырлы күн,ұстазым!


Тапсырма: Жалпы сөйлеу тілі дамуындағы логопедиялық жұмыстарды жоспарлау және өткізу арттерапия және Су Джок терапия (видеоға түсіру)

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. 

Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен  дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға болады.



«Құм терапиясы» - деген 4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама. Құм

терапиясында тек қана қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік

логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және

сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің

ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды

таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында

өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын дамытуға әсер етеді.

Құм терапиясының  маңыздылығы:


  • Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді.

Құм терапиясының әдістерінің  маңыздылығы:

Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз  пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.



Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:

  1. Әңгімелесу

  2. Түрлі – түсті құммен сурет салу

  3. Танымдық ойындар

  4. Коммуникативтік ойындар

  5. Пікірталастар

Күні:

Тақырыбы: Гүлдің суретін салу

Мақсаты: Балаларға гүлдің суретін салуды үйрету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

Негізгі бөлім


Қорытынды



Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіздерін білу
Балалар қане мына суретке назар аударайықшы.

Не көріп тұрсыңдар?

Дұрыс, айтасыңдар.

Балалар осы гүлдерді суретін құмға салып көрейікші.


Алдымен құммен жұмыс істеу қағидаларын еске түсірейік.
Балалар қазыр мен сендерге құмға әдемі де әсем гүлдердің суретін салып көрсетемін,

Сендер мұқият болыңдар.


Балалар бүгін біз не істедік?

Сендерге ұнады ма?


Мақтау, мадақтау

Қоштасу.



Балалар жылы сөздер айтады.

Гүл
Иа салайық

Гүлді сипаттап берді.

Кезек-кезек гүлдің суретін салды

Гүлдің суретін салдық

Иә ұнады


Сау болыңыз!


Арттерапия: Дутбай Ақнұр https://youtu.be/CmX5nCxwzJ8

Су Джок терапия:Дутбай Ақнұр https://youtu.be/2HrQtPa6a00


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет