Тобы: Еп-20-3к5 Қабылдаған: Карібай Сарсебай шымкент 2020



бет7/7
Дата30.12.2021
өлшемі18,01 Kb.
#106697
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қаз тарих глассари
қаз тарих глассари, қаз тарих глассари, 11-ІІІ-7-қ, әдістеме, 00004537-1c4d25ea
Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді;нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс.

23. Конституция-Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

24. Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

25. Диаспора-әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.

26. Референдум-мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.

27. Жекешелендіру-меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.

28. Инфляция-бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

29. Цензура-Ресейде алғаш 16 ғ-да діни Цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да Цензура ны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала Цензура мен қатар жазалау Цензура сы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды деп айтуымызға болады.

32. Жоспарлы экономика-КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.

33. Нарықтық экономика-шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика.1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикағатүбегейлі бет бұрды.

34. Республика-билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет.

35. Президенттік республика-президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады.

36. Парламенттік Республикада жоғары билік иесі парламент болып табылады.

37. Парламент-мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы[1]; өкілдік сайлау заң органы.

38. Монархия-жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

39. Совхоз-КСРОауыл шаруашылығындағы жоғары сападатауар өнімін өндіретін механикаландырылған социалистік мемлекеттік кәсіпорын.



40. Ирредент-өз тарихи отанында өмір сүріп жатқан, бірақ белгілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған адамдар.

41. Зайырлы мемлекет-азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет