Бірінші бақайдағы кенеттен басталған қатты ауырсыну, ауырсыну түнде басталады, буын ұлғаяды, терісі қызады, көкшіл –қызыл түсті болуы мүмкін тері түсі, түзілген томпаюлар (тофустар) тығыз болады. Ауырсыну кезінде дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды.
Подаграның негізгі белгілерінің бірі тофустар болып табылады. Тофустар дегеніміз – ураттар немесе жиналып қалған тұздар, дәнекер тіндерінен тұратын подагралық түйіндер. Орналасуы – құлақ қалқаны, білезік буыны, өкше, тізе, аяқтың бірінші бақайында , табанда, өкшеде, мұрынның шеміршегінде, қол басында -ұсақ буындар айналасында, саусақтың жұмсақ бөлігінде, бұдан басқа өкше сіңірі аймағында, синовиальді қапшықтарда кездеседі. Тофустарға қарап аурудың мерзімі мен ауырлық дәрежесін , гиперурекемия дәрежесін анықтайды. Орташа есеппен тофустар бірінші ұстамадан кейін 6 жылда түзіледі, кейбір науқастарда одан да ерте. Өлшемдері әртүрлі — түйреуіш басындай, кейде кішкене алмаға дейін. Жеке тофустар бірігеді де, үлкен конгломераттар түзеді.

Әйелдер және ерлер арасында кездесу жиілігі
Диагностика критерийлері
Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ,) 2000 ж:
Буын сұйықтығында химиялық зерттеулер мен поляризацияланған микроскопия арқылы дәлелденген кристаллоидты ураттардың болуы
Тофустар болуы (дәлелденген), құрамында химиялық және поляризациялық микроскопиямен анықталған кристалдық ураттар болуы