Тобы: Логопедия 201 Тексерген: Сабденова Б. А. Алматы 2021-2022 оқу жылы Құқықтық тәрбие әдістемесі



бет1/2
Дата09.02.2022
өлшемі39,54 Kb.
#131227
  1   2
Байланысты:
2 топша
КӘСІПКЕРЛІК.СӨЖ №2, Қоректік тізбектегі өсімдіктер, Қоректік тізбектегі өсімдіктер, Дінсламова ҰӘ, срспп, wepik-otkroite-dlia-sebia-mir-prikliucenii-mezdunarodnaia-vystavka-turizm-i-putesestviia-kitf-2019-20230927171052TmQL




СӨЖ1: Құқықтық тәрбие әдістемесі. Мектепте сынып жетекшісінің құқықтық тәрбиені ұйымдастыру формалары
Орындаған: Қаныбекова Асем
Құрбанова Айдын
Баимбетова Диана
Маратқызы Нурай
Тобы: Логопедия 201
Тексерген: Сабденова Б.А.

Алматы 2021-2022 оқу жылы


Құқықтық тәрбие әдістемесі

Құқықты тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншiкке катынасты көзқарасты дарытудың асыл мiндеттерiн аткарады. Мемлекетiмiз жастарға кұқықтық тәрбие беру ісіне үнемi маңыз берiп келедi. Қазақстан зандарына терең құрмет сезiмiн калыптастыру, оларды сөзсiз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргiзудiң жемiсi. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердiн не екенiн жөндi түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткiзу, жеткізіп қана қоймай оның күнделiктi мiнез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенiң мiндетi болып табылады.


Құқықтық тәрбие негiзi отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртiпсiздiк пен қылмыстың көзі- маскүнемдiк. Азғындықтың кұзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл терiс кұбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бiзде отбасы әр қилы: маскүнемдiкпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттiң есебiнен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуга, енбекке қалай қарайтыны өз-өзiнен түсiнiктi емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмыс жасауға бiр табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмiрдi жақсы көреді,өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргiзілетін шаралар:
- тәртiп бұзушының терiс мiнез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмiр жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдiң күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Құқықтың тәрбиенiң бiр ұшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі суйген адамына үйлену, отбасы кұрау, бала сүю және оны бағып қағу қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету -бәрi де жастардың жете түсiнуiн, ұғынуын қажет ететiн заңдар мен мiндеттер. Қазiргi студент - ертеңгi маман, өндiрiс жетекшісі, басшы. Демек, кәсiптiк оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар кұқықтық тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенiң халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдiн: «Өмiрде де, ғылымда да барлық халықтарға бiрдей тура келетiн тәрбие жүйесi жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесi әр түрлі. Өз елiне басқа елдiң тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес,себебi халықтардың өмiр сүру моделi де, тәлім-тәрбие моделi де әр басқа» дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жақсы жақтары да бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтық тәрбие мәселесi жөнiнде жоғары ұйымдары тарапынан белгiленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған кұқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал жабдықтары бар. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді.Адам мұндай жағдайда өзiнiң ар-ұятына жүгiнедi.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игiлiктердi қате бағалауы мумкін. Мұның өзі оның көбiне көп құқықтық тәрбиенi бұзуына әкелiп соқтырады. Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның кауiпсiздiгiне ерекше мән бергенi мәлiм.Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, карапайым азаматтардың мүддесiн қорғаушы - құқықтың тәртiп әскерi. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бiрi - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелердi сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер.Бұған тек қана бiлiмдi болу жеткiлiксiз, сонымен бiрге тәжiрибелi, көптi көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиешi болу маңызды.
Оқушылардың мектептегi өмiрi тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңi болып табылады. Осы жылдары адамгершiлiгi, дүниетанымы, сенiмдерi, ұжымшылдығы, тәртiптiлiгi, өзiне және басқага талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жiгерлiлiгi мен батылдығы калыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзiмсiздiк, қоғамдық тәртіптi сақтау да енедi. Құқықтық мәдениет екi тұрғыдан қаралады.
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
2. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат - жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.
Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).
Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет