Тобы: Қт-ж-17 Студент: Шыңғысбекқызы а курстық жұмыстың тақырыбы



бет20/28
Дата15.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#101585
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
курсовой КТО

Сәттілікке бағыттау. Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс — игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.

Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:



Ризашылық білдіру. Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.

Тыңдай білу. Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.

Мадақтай білу. Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.

8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында төмендегідей ұтымды тапсырмалар берілген.

«Синтаксис. Биоалуантүрлілік. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер» бөлімі бойынша тақырыптар қатары.

««Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер. Сөйлем мүшелері» тақырыбы бойынша «Тілдік бағдарда» толық мәлімет беріледі.



  • 1-тапсырма. Сөйлем мүшелерін тауып, мәтінге тақырып қой.

  • 2-тапсырма. Мәтінді оқып, болжам жасаңдар. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін тауып, сұрақ қойып айтыңдар.

  • 3-тапсырма. Сөйлем мүшелеріне байланысты «Семантикалық карта» толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет