«Күн көзі»: Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады.
«Шеңбердегі доп»: Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
«Ойлаудың алты қалпағы»:
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн. Жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, субъективті болатынын ескеру, жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге, кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Кері байланыстың тиімділігі – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін біле аламыз; оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады. Мұғалімдер үшін тиімді жағы: оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге, яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік және уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын. Кері байланыс жүргізу – мұғалімнің шеберлігі мен оқушының материалды түсінуімен тығыз байланысты.