Тобы: Тур-33 Тексерген: Мазбаев О. Б. Нұр-Сұлтан, 2020 ж



бет10/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#90604
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Кабилтаева Кундуз Тур3 экскурсия

15. Лев Толстой көшесі Әнуар Әлімжанов көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Абыралы, Күлтөбе орамдарымен және Қарағанды көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 692,5 м.Лев Николаевич Толстой (1828-1910) - орыстың ұлы жазушысы. «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Воскресение» сияқты классикалық романдардың авторы.
16. Мұстафа Шоқай көшесі (Астана)- бұрынғы атауы Перспективный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Мұстафа Шоқай көшесі Көкжелек көшесінен басталады. Ұзындығы - 1108,8 метр.Мұстафа Шоқай (1886-1941) - отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылы. Алғашқы қоғамдық жүмысы - оның 1914 жылы Ә.Бөкейханның ұсынысымен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшылығы. Өмірінің соңында, тамыз айының басынан қараша айының соңына дейін немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, оларды өлім түзағынан құтқарыл алуды өзінің бірден-бір борышы санайды. 1941 жылы Берлинде құпияға толы жағдайда қайтыс болады. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітінде жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет