Тобы: Тур-33 Тексерген: Мазбаев О. Б. Нұр-Сұлтан, 2020 ж



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#90604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Кабилтаева Кундуз Тур3 экскурсия

3. Біржан сал көшесі - И.Гёте көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,7 м.
4. Балуан Шолақ көшесі - М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 597 м.
5. Бөгенбай батыр даңғылы. Бөгенбай батыр даңғылы Н. Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 3611,7м.Бөгенбай батыр (1680-1775) - қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, XVIII гасырда жоңгар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаган даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорганы» баһадұр Бөгенбай Абылай хан бастаган қазақ халқының үлт бірлігі жолындағы азаттық күресінің үйытқысы болды.1710 жылы Қарақұмда өткен құрылтайда Бөгенбай батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 жылы Бөгенбай бастаған қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында қалмақтарга қарсы күйрете соққы берді. Бөгенбай батырдың ерлігін Қожаберген жырау «Елім-ай» атты тарихи дастанында жырлап, батырдың ерлігіне «Ер Бөгенбай» атты қиссасын арнаған. Бұқар, Үмбетей, Жанкісі, Сегіз сері Бөгенбай туралы дастандар шығарған.Бұл даңғылда Бөгенбай батырдың ескерткіші, «НұрБанк» ғимараты, М. Әуезов атындағы балалар кітапханасы, №7 мамандандырылған мектеп, «Шапағат» коммуналдық базары орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет