Төгінді суларды тазарту



бет3/7
Дата23.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132961
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ағынды суларды тазарту Темірхан А. ВР-314

Ағынды сулардың түрлері

  • Ағынды сулардың түрлері
  • Тұрмыстық ағынды сулар; Жаңбырлы ағынды сулар; Өнеркәсіптік ағынды сулар: жууға арналған сулар; су ерітінділері; су сығындылары және абсорбенттер; салқындатқыш сулар.

Механикалық әдіс Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады. Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады. Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар. Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін төмендегідей әдістер және қондырғылар қолданылады. Олар лас суды жай аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрациялау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіштер, екі қабатты тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұстағыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды ұстау эффектісі - 10 15%-тен аспайды.

  • Суды механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан арнайы құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған.. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады. Механикалық тазарту әдісі екі жолмен жүзеге асады: перколяция және фильтрация.
  • Механикалық тазалаудың қандай түрін қолдану су құрамындағы қоспалардың қасиеттеріне және оларды шығару толықтығына байланысты. Іркінді суларды сүзу әр қилы торларда жүргізіледі. Барабанды торлар – олар металлды сүзгі торымен қапталған үздіксіз айналып тұрушы барабан. Олардың ұяларының өлшемдері 0,5 х 0,8 мм, осы барабанның 4/5 суға батып тұратындай орнатылады. Тазаланатын су барабанның ішіне түсіп тор элементтері арқылы сүзіліп камераға шығады. Тұндыру. Өндірістік іркінді судағы ерімеген қоспалардан тазарту үшін горизонтальды және радиальды тұндырғыштарды қолданады. Іркінді судағы, бетіне қалқып шығушы, қоспалардан тазалау үшін арнайы тағайындалған тұндырғыштарды қолданады: мұнай ұстағыштарды, май ұстағыштарды, шайыр ұстағыштарды. Тұндырғыштардағы секциалардың саны екіден кем болмау керек. Майды ұстау. Майларды су қоймаларына жіберуге рұқсат етілмейді, себебі олар су бетін жұқа қабықпен қаптап, ауадан суға оттегінің өтуін қиындатып, өзіндік тазалану процессін нашарлатады. Сондықтан асханалардың, ет комбинаттардың, май зауыттарының, жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларының іркінді сулары алдымен май ұстағыштардан өтуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет