2.6. Меншікті беттік ауданды анықтау
Меншікті беттік ауданды анықтау әдісі - катты денелердің меншікті бетін анықтау жөніндегі хроматографиялық әдістерінің ішінде дәлдігі бойынша статистикалыққа жуық келетін әдіс. Бұл әдіс Нельсон мен Эгертсонның өңдеген инертті газдың жылулық десорбциясының әдісі болып табылады.
Бұл әдіс, өлшенетін үлгі мен түтікше арқылы өтетін, газ ағынының (аргон қосылған гелий) жылуөткізгіштігінің өзгеруі бойынша, оны сұйық азотпен салқындатқан кезде газ қоспасындағы үлгі бетімен адсорбцияланған және үлгіні бөлме температурасына дейін қыздырған кезде десорбцияланған, аргон мөлшерін анықтауға негізделеді.
Баллондардағы редуктордың көмегімен гелий және аргон газ қоспасының берілу жылдамдығы орнықтырылады (2.18-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |