«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет60/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

3.11-сурет. Фуллерендер мен нанотүтікшелер алуға арналған доғалы буландыру құрылғысының сызбанұсқасы (Бұл жерде көбінесе қолданылатын электродтарды салқындату көрсетілмеген).

Жоғары сапалы нанотүтікшелерді алу барысында маңызды рөлді гелийдің қысымы аткарады. Түтікше санының артуы қысымды 20-дан 500 торрға дейін арттырған кезде байқалады (3.12-сурет).



(а) - 100 тор кезінде алынған үлгі; (6б)- 500 торр кезінде алынған үлгі



3.12-сурет. Гелийдің нанотүтікшелердің шығымына әсерін көрсететін микросуреттер: доғалы буландыру тәжірибелері кезінде (Эббессен мен Аджайян).

500 торрдан жоғары қысым кезінде үлгі ретінде ешқандай анық өзгерістер байқалмаған, бірақ жалпы шығысында төмендеуі байқалған. Осылайша нанотүтікшелерді алуда 500 торр гелий қысымының оптимумы болып табылады.

Тағы бір маңызды фактор-тоқ күші. Үлкен тоқ жеке нанотүтікшелері бар қатты пісірілген материалдың түзілуіне алып келеді. Сондықтан тоқ мүмкіндігінше аз, тұрақты плазма ұстап тұру үшін минимал болуы қажет.

Үшінші маңызды фактор электродтарды суыту болып табылады. Әлсіз суыту 3.13 а-суретте келтірілген катпарлы «нагардың» түзілуіне алып келеді. Мұндай нагарда нанотүтікшелер аз жолақтарда орналасады және кездейсоқ бағытталған. Ал жылдам суыту цилиндр тәрізді және біркелкі түтіктердің түзілуіне алып келеді (3.13 6-сурет).





3.13-сурет. Доғалы буландыру кезінде катодта түзілген «нагар» сызбанұсқасы. а- катпарлы құрылымды пакет, 6 - материалдың нанотүтікшелерінен тұратын ұзартылған шоғыры бар біркелкі пакет.

Нагардың бұндай сұрпы балқытылған материалдың қатты сыртқы қабықшасынан және жеке нанотүтікшелер мен нанобөлшектерден тұратын, аса жұмсақ талшықты орталықтан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет