Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#92908
  1   2   3   4
Байланысты:
Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз


Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1. Аутисттік сипаттағы бұзылыстары бар балаларға сипаттама беру. Клиникалық картина.
2.Аутизм синдромы: себептері, белгілері, симптомдары
«Аутизм» термині (гректің autos - өзі) «ассоциациялардың тәжірибе мәліметтерінен алшақтығы, шынайы қарым-қатынасты елемеу» дегенді білдіреді. Бастапқы кезде аутизм шизофрениямен сырқаттанатын науқастардың ерекшелігі, шынайы өмірден қашу және өз-өзімен бұйығы күйде болу деп қарастырылды.



Аутизм себептері. Ғалымдар резидуалды-органикалық фактордың (патологиялық жүктілік, босану, бассүйек-ми жарақатының, жұқпалардың салдары) әсерін негізгі деп есептейді. Аутизм мидың туа біткен дисфункциясы, сезімдердің тұқым қуалайтын жеткілікті дамымауы нәтижесінде пайда болады немесе ақпаратты өңдеуге қажетті нейронды құрылымдардың дамымай қалуының салдары деген пікір де бар.


Мүмкін, туа біткен эмоциялық нәзіктік, фрустрацияларды көтере алмау, үрейдің туындауының төмен сатысы да маңызды. Бұл жағдайда қандай да бір сыртқы жағымсыз факторлардың нәтижесінде, соның ішінде анасымен эмоциялык қатынастың жеткіліксіздігінен (анасының депрессиясы, қатты қамығуы) сәби сыртқы ортадан қашып, бұйығыланады. Сыртқы орта оның жанын жарақаттайтын қорқынышты әлем болып көрінеді. «Бақалшығына» жасырынған бала өзін жайлы, қауіпсіз сезінеді. Нәтижесінде туған кезден бастап жаппай қорғануға, аутизмге негізделген жеке бас құрылымы қалыптасады, бұл жайт бұдан кейінгі психологиялық, интеллектуалдық, эмоциялық даму үдерісін қандай да бір дәрежеде бұзады.
Балалардың ерте аутизмі 10 000 тұрғынға шаққанда 2-4 жағдайда кездеседі, ал аутизмнің ақыл-ес кемістігімен үйлесуі - 10 000 тұрғынға шаққанда 20. Бұл бұзылыс ер балаларда басым - 3-4:1.
Бала аутизмі деген нақтама қою негізгі үш сапалық бұзылысқа негізделеді: әлеуметтік өзара қатынастың, өзара коммуникацияның жеткіліксіздігі, сондай-ақ іс-әрекеттің стереотипті түрлерінің болуы. Бұлар жеке дамудың жалпы белгілері болып табылады және барлық жағдайда байқалады, бірақ айқындылығы әр түрлі болуы мүмкін. Көбіне бала аутизмімен қатар жүретін ақыл-ой кемістігінің, эпилепсия ұстамаларының, туа біткен қызамықтың, туберозды склероздың, церебральды липидоздың, фрагильді Х-хромосоманың бар-жоқтығына қарамастан, бұл бұзылыс тек қана ақыл-ой дамуына сәйкес келмейтін іс-әрекет ерекшеліктерінің болуына қарай анықталады.
Әдетте бұл ерекшеліктер бала бір жасқа толмай-ақ байқалады және үш жасқа қарай айқын түрде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет