Топпен жұмыс



бет13/36
Дата21.04.2022
өлшемі7,75 Mb.
#140260
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
7-сынып алг поур-141-332-93-192

Қазақша

Русский

English

Бірден көп

Больше одного

One more than

Қосу

Сложение

Add

Көбейту

Умножение

Multiply

Бөлу

Деление

Divide

Азайту

Вычитание

Subtract

Бөлшектің бөлгіші

Знаменатель

Denominator of a fraction

Бөлшектің алымы

Числитель

Numerator of a fraction

Цифр

Цифра

Digit









6. Есептің сұрағына жауап алу үшін қандай математикалық формула керектігін анықтау;
Формулаға енетін шамалар: s, t, v – сәйкес өлшем бірлікте көрсетілуі керек. Қозғалысқа берілген есептерде үш өзара байланысты шамалар қарастырылады:
S - арақашықтық (жүрілген жол)
t - қозғалыс уақыты
V - жылдамдық – бірлік уақытта жүрілген жол


t S S V t V S
V t
Арақашықтық (S): км, м, дм, см, мм
Уақыт (t): сағ, мин, сек
Жылдамдық (V): км/сағ, м/мин, м/сек …


Орташа жылдамдық формуласымен есептеледі.

мұндағы S – жүрілген жол


t – осы жолды жүрген уақыт
Егер жүрілген жол бірнеше бөліктерден тұратын болса, онда бүкіл жүрілген жолдың және осы бөліктерді жүруге жұмсалған уақыттардың қосындысын тауып, олардың қатынасы бойынша есептеу керек.















Топпен жұмыс
15 минут

Концентрацияға қатысты есептер
№1 Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтындай болу үшін, қанша тұщы су құю керек?
№2 Жаңа жемістің 78%-і, ал кептірілгенінің 12%-і су болады. 40кг жаңа жемістен қанша кг кептірілген жеміс шығады?
№3 Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз
№4 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз.




Жұппен жұмыс 10 минут

Қозғалысқа қатысты есептер
№ 1 А пунктінен В пунктіне автобус шықты. Жарты сағат өткен соң В пунктінен А пунктіне жылдамдығы автобус жылдамдығынан 18км/сағ артық жеңіл машина шықты. 1сағат 20 минут жүргеннен кейін жеңіл машина автобусты кездестіреді және одан 3 км жол артық жүргені байқалады. А пунктінен В пунктіне дейінгі қашықтықты анықтаңдар.
№2 Екі пункттан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі










поезд шықты. 2 сағат өткеннен соң оларға тек 30 км жол жүру ғана қалды. Пункттердің ара қашықтығы 340 км. Егер бір поездың жылдамдығы екіншісінен 5 км/сағ артық екендігі белгілі болса, поездардың жылдамдығын анықтаңдар.
№3 Екі поезд бір станциядан шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 72км/сағ, ол екінші поездың жылдамдығының 80% -ы. Екінші поезд бірінші поезд жүргеннен кейін 2,5сағат өткеннен соң шықты. Неше сағаттан соң ол бірінші поезды қуып жетеді?
№4 Реактивті самолет 30 минутта моторлы самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы
моторлы самолетттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет