3. «Мен сізге жазамын» ойыны
Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларыңыз хат аласыздар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің аты - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылған қолыңызда парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?
Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау,күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақ сол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал сізге басқа ойыншының парағы беріледі,сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңыз бен фамилияңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын айтқысы келіп жүргенін жазады.
Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттермен алмасады.
Талқылау:
1.Басқа балалардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
2.Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |