«Топтағы бірлікті нығайту» тренингі Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту. Танысу «Менің атым»



бет8/8
Дата21.05.2020
өлшемі91,73 Kb.
#70180
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15.05.2020. ЖСЛ-2пар

V.«Достық.Бірлік» үйін салу.

Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер:
Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

Досың мың болса да –аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.
VI. Тыныштық сәті.

Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар.

Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып,ойлаған досымыздың есімін жазайық.


VII. Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау,топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады.Сол сұраққа осы өз

кластастарыңнан үш есімді жазасыңдар.

Кіммен дос болғың келеді?

Лагерьде қай топта болғың келеді?


VIII. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіз білдіру.

Балалар, шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік.


ІX. Қорытынды.

1. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті

Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.

Қоршаған орта
Сұрақ

Достар-мен

Табиғат-пен

Құстар-мен

Кітап-пен

Жануарлар-мен

Көше-мен

1Сіз кіммен доссыз?



2. Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Жігер деген – Мен

Күш деген – Мен

Махаббат деген – Мен

Жасөспірімдік деген – Мен

Жастық шақ деген – Мен

Денсаулық деген – Мен

Адалдық деген – Мен

Жарқындылық деген – Мен



Бар ғажайып деген – Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет