Асан мен Үсен алма жегілері келгені соншама бақшаға барып алма теріп әкелді. Асан алманы жумастан жеп жатыр, ал Үсен болса алманы жуып жеп жатыр.
Осы жерде Асан мен Үсеннің қайсысының әрекеті дұрыс? Егер алманы жумай жесеңдер мына суреттегідей микробтар және түрлі құрттар ішкі ағзаға еніп түрлі ауру тудыруы мүмкін еді. Сондықтан жеміс-жидектермен көкөністерді әрдайым жуып жеу керек. Қарғаның жұмбағы:
Балалар, сендер барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді саяхатқа шығуларыңа болады. Жолдарыңыз болсын!
Балалар, Салауат атай орманда тұрады. Оны мына көрініс арқылы таба аласыздар. Егер осы суретті көрсеңіздер онда Сіздер атайдың үйін тапқандарыңыз. Сәт сапар тілеймін. Тәрбиеші: Балалар, Сіздер аң-құстардың барлық сұрақтарына жақсы жауап бердіңіздер. Олар біздерге жолға шығуымызға келісімдерін беріп сәт сапар тіледі. Ал, балалар сендер жолға шығуға дайынсыңдар ма? Әсем әуен үнімен саяхатқа шығады.